+2 дауыс
1.2k көрілді
Менің қазақ киносына мүлдем көңілім толмайды. Қарап тұрсам, шет елге " Біздің ел осындай" деп мақтанатын бір де бір кино жоқтың қасы. Бірақ, "Көксерек", "Шал", "Сіз кімсіз Ка мырза?" Жаужүрек мыңбала" фильмдеріне қарап көңілім орнына түсті, осындай керемет режиссерлар мен мықты актерлар көбейсе екен! Қазақ киносың қазіргі жағдайы қалай?

9 жауап

–1 дауыс
Қазіргі киноларға онша көңілім тола бермейді. Актерлері жасанды ойнайды. Осы бұрынғы Менің атым Қожа деген сияқты киноларды көрсең ғой, қайта қайта көргің келіп тұрады.



екеуін салыстырып қараңыз. Өз бағаңызды бере жатарсыз.
Иааа, сіздің ойыңызша қазақ киносының жағдайын жақсартуға не жетіспейді? Мықты режиссер ме әлде талантты актер ма? Әлде қаражат па?
Қаражат жетеді деп ойлааймын. Қазақ киносын дамыту үшін киноны біріншіден орысша араластырмай таза қазақша түсіру керек және актер ретінде әншілерді емес Нағыз актерскиді бітірген актерлерді түсіру керек. Режиссерлерді білмедім.
Дұрыс айтасың, саған қосылам!!
+1 дауыс
Бұрынғы қазақы кинолар, үлгі тұтарлық тамаша! Соңғы киноларда жалпы болады. Қолдарынан келгенінше сапалы дүние салуға тырысып жатыр ғой.
0 дауыс
Мен қазақ киносын өте тамаша деп айта алмаймын. Өйткені, кемшіліктері экраннан көрініп тұрады(мыс, жасандылық, қателік). Ал қазақ киносының дәрежесі өте төмен деп те айта алмаймын. Өйткені осы қазақ киносының биікке шығуын  қалайтын және сол үшін жұмыс жасап жатқан режиссерлердің еңбегін еш еткім келмейді. Сонымен қорытынды 50-50
"КӨКСЕРЕК" пен "ШАЛ" фильмдеріне мен басымды иемін, режиссерға және актерларына ризамын! Айтпайын десем ішіме сыймай барады, талатсыз актерларды неге киноға түсіреді екен?
Иә, Шал киносындағы басты рөлдегі актер Ерболат Тоғұзақов өте керемет, талантты актер. Ешқандай жасандылық жоқ. Шал киносына қарап отырсаң өте аянышты, беріліп көресің. Тек Шал деген атауы жаман.
0 дауыс
Көңілім толмайды) Себебі шын беріліп ойнамайды) Барлығы жасанды) Көріп отырып күлкің келеді) Әжептеуір актерларды маймыл қылып қояды) Мысалы; "Санжар мен Қайсардағы" мұғалімдері, әжесі, "Құрдастар" фильміндегі Сафуан Шаймерденовтың рөлі. Айта берсек көп) Дәл қазіргі қазақ киносына көңілім толмайды. "Қыз-Жібек","Менің атым-Қожа" киноларына ғана көңілім толады))
Дұрыс айтасыз, Шынымды айтсам, Қайсар мен Санжар қуған кино, адамды еш қызықтырмайды, бір рет көріп едім , "мынау кино ма" ? деп таңқалып қалдым. Ай, Алла ондай киноны халыққа ұсынып керек емес..
+4 дауыс
қазақтың киноы Шакен ағамызбен бірге өлгені қай заман?
Күштіііі айттың Жайдарбек
өте дұрыс жауап))))
0 дауыс
Қазақ киносы соңғы жылдары жақсы дамып келе жатыр. Бұған Құл-Мұхаммет мырзаның еңбегі өлшеусіз. Маған ұнайтын соңғы шыққан фильмдер Заблудившийся, Лавэ, Ликвидатор, Жаужүрек мың бала, Шал.
+1 дауыс
жайлап жайлап дамып келеді!!Бірақ сіздер айтқандай актерлердің жасанды сөйлегендері бірден көзге көрінеді!!20 жылдан кейін кәрістің киносына жетеміз ғой!!
Кәрістерге жету қааайййдддааааа?????????
Белгісіз
0 дауыс
Қазақстан енді-енді дамып келе жатыр, әлі талай белестерден көрінетін шығар деп үміттенеміз, тек  "Шал " деген киноның тақырыбын дұрыс таңдамаған, Шал деген ат құлаққа жағымсыз естілетін сияқты. Қазіргі Түрік пен Корей сериалдары өте көп  көрсетіледі теледидардан. Корей мен Түрік киноны өте керемет түсіреді деп ойлаймын.
0 дауыс
Қазақ киносына онша көңілім толмайды. Тек "Шал" деген кино жақсы түсірілген. Қалғандары ұнамайды. Қазір теледидардан көретініміз  Түрік сериалдары ғо. Сол түрік сериалына көңілңім толады.!!!
...