+1 дауыс
432 көрілді
Өтіп бара жатқан жылы не істедіңіз? қандай жетістіктерге жеттіңіз? келер жылдан не күтесіз? қандай жоспарыңыз бар? жаңа жылды қалай қарсы аласыз? тек шынайы кәдімгі тілмен жауап жазсаңыздар.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Екі сайтымды іске қостым.

1. Termin.kz -Үш тілде түрлі салалар бойынша терминдер жинағы.

2. Surak-zhauap.kz - Қазақ тілінде сұрақ-жауап сайты.  

Жетістіктерім әзірге жоқ секілді. Ойыма ешқандай ой келмей жатыр.

Келесі жылда көптеген, қазақ тілді сайттар ашылса деп, қазақ тіліне жаны ашитын көптеген қазақтың ұл қыздары көбейсе деймін. Сайтымды жақсылап ретке келтіріп біраз байқауларға қатыссам деймін. Халық арасында кеңінен танылса деймін.

Жоспарым. Біраз қаражат жинап сайттың сырт келбетін өзгертсем демін. Қаладағы біраз веб-дизайнерлермен келісіп көрмекпін. Termin.kz сайтының деректері (базасын) толтыру ойда бар. Тағы басқа салаға байланысты санаттар қосу ойда бар. 

Жаңа жылды ата-анамның қасында, достарыммен бірге қарсы аламын. 31 желтоқсан күні Нағашы атамның туылған күні.(Мен нағашы атама тарқанмын)))!) Атамды құттықтаймын. 

Барлығына уақыт сарапшы. Уақыты келгенде көрерміз. Жоспарларым бар. Іске асыруға тырысамын. 

Жаңа жылда, жаңа табыстар тілеймін!!!

+2 дауыс
Өткен жылы ата-анаммен,аманшылықта өмір сүрдік.Кереметтей жетістік жоқ,жақсы оқығанымнан басқа.

Келесі жылы бітіремін Универді. Жопарда: не магистратура,не тұрмысқа шығу:))))

Біздің жанұяда Жаңа жыл тек үйде қарсы алынады.
0 дауыс
ата-анаммен, елімізбен аманшылықта өмір сүрдім... Сабақты жақсы оқи бастадым
...