+1 дауыс
560 көрілді

Біз жиі орыс тіліндегі сөздерді қолданамыз. Мысалы, а так әңгіме басқаша болады, немесе сәлем орнына привет деп айтып жатамыз. Сонымыз дұрыс па? Біз бұл сөздерді айтқымыз келмесе де жиі айтылып кетіп жатады. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Не істеуіміз керек?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ол сөздер әдет болып қалған.Істейтін 1 ғана жол өзімізден кейінгі іні қарындастарымызды таза қазақ тіліне үйрету.
жақсы.....
+3 дауыс
Әдет қой, жаман әдет жұқпалы болады емес пе, бұдан арылуымыз керек.
+3 дауыс
Қоғамға бұл сөздер сіңіп кетті ғой.Бұл сөздер ештеңе емес көбінесе қалалық жерде қазақпен-қазақ орысша сөйлесіп жатады міне осы дерт.
Соны айтсаңшы..... Ұят
+1 дауыс
Олар тілімізге кіріп,сіңісіп кеткен сөздер ғой,оны сөз арасында айтып қаламыз,бұл дұрыс емес жалпы,ондай ұсақ түйектерді қойшы,қазақша түсінседе,сөйлей алмайтындарда барғой елімізде
Келісемін
+1 дауыс
300 жылға жуық орыстың боданында болдық.Орысша сөздерді айтпай сөйлеу мүмкін емес.Біз бұдан былай қанша рет қазақ тілін дамытамыз десек те,дамыта алмаймыз.Негізі орыс тілі-Әлемдік тілдердің бірі ғой
Мүмкін емес пе?  Сонда  телеарналардың қазақ тілін дамытамыз деп жасап жүрген тірліктерінің, еңбектерінің зая болғаны ма?
+1 дауыс
бұл дүниеде мәңгілік еш нәрсе жоқ қой, бұл сөздерді де талпынсаңыз қазақ сөздерімен алмастырарсыз. негізі мен күнделікті өмірде бұл сөздерді мүлдем қолданбаймын.
Рахмет.Құдай қаласа. А так деген сөзді қазақша қалай айтсам болады? Қалай ойлайсыз?
0 дауыс
А так демей негізі деп ауыстырып сөйлесе болады. Бір бауырым орыс тілін әлемдік тіл деп жазыпты, бұл енді тмд халқы үшін ғана әлемдік тіл. Азияның дамыған елдері, европа, америка елдері ағылшын тілімен өсіп өркендеп жатқанда біз орыстың жұпыны тілінен әрі аса алмай отырмыз. Орыс тілінде таза өз тілі 40 пайызды ғана құрайды , қалған сөздерді әр тілден кіргізіп алған, оның ішінде түркі тілдері басым . Ресей 300 жыл Алтын Ордаға бодан болған уақытта бізден де кірген кірме тілдер көп. Өзім привет деп жазғандарға , айтқандарға бір айтып қаламын орыс емеспін деп. Орыс тілі ата-бабамды қырған тіл деп қарау керек "ұлтшыл емеспін" деп жүре бермей.
...