+5 дауыс
676 көрілді

Қазіргі кезде дүниеден қаитқан адамның үиіне қаиыр аитып барсаң ,дастархандарын тоидың дастарханынан бетер жасап қоиады ,осыны дұрыс деп оилаисыздарма?

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Оте орынды сурак плюс 1 ! Мен осы суракты койсам адамдар дiни сурак койдын деп жеп кояма деп коймай жур едiм! Ал менiн пiкiрiм, бурында ертеректе, халык iшiнде беделдi, абыройлы, такуа жандардын жаназасына халык агыла келген. Ол кiсiнiн катты байлыгы болмаган, жан байлыгына кенелген. Халык келгенi сонша сыртта да турган. Сонда халык ол кiсiнiн жаназасына iшiп-жеу ушiн келмедiгой?! Неде болса оз ойым. Абай атамыз айткангой "Тiрiден жаманы жок, олiден жаксысы жок" деп. . . .
0 дауыс
Арақ-шараптан басқасын қойса болады ғой,егер дәулеті жетсе!
+2 дауыс
тірі кезінде көрсетілмеген құрмет өлгенен кейін не пайдасы бар
+1 дауыс
Ол жатқан ысырап! ал асыл дініміз - ислам ысырапшылдыққа қарсы! Ол демек күнә!
+1 дауыс
Ысырапқа жол берудің қажеті жоқ.Адамдар пәленшенің үйінде түк жоқ екен деп айтпасын деп төгіліп шашылады.Қажеті жоқ нәрсе,дегенмен бізде солай еткенбіз
+1 дауыс
Негізі шариат бойынша, кісісі өлген үй қазан көтермеуі керек. Келген қонақтарға арналған тамақ көршілерінің үйінде дайындалуы керек. Бірақ, қазір бұл әдет ұмытылып кетті. Себебі, бізде қазақта Ислам діні әлі солқылдақ. Біз әлі аруақтарға сиынып жүрміз бабаларымыз сияқты.
Дұрыс аитасың бауырым, жұрттан ұят болады, құртып жүр бәрімізді.
+1 дауыс
Қайтыс болған адамнын үйінен бір үзім нан жеу күнә!
+1 дауыс
Менімше шектен шықпаса дұрыс та болар еді.Бұрын қазақтар жеті атаға дейін қыз алыспаған, бір ауыл, кейде іргелес жатқан бірнеше ауыл қыз алыспайтын туыстар болған. Міне сол замандарда бір кісі қайтыс болса жаназасына құда-жекжаттар қияндағы алыс ауылдардан келетін болған. Ол кезде қәзіргідей жүйткіген көліктер болмаған, атпен, арбамен қатынайтын болған. Міне сол адамдарды күту мақсатында мәйітті үш күнге дейін сақтау мәжбүрлік болған, ал сол қазаға жиналған адамдарды үш күн аштан-аш қаңтара алмайсың ғой, әрі ол заманда кафе, асхана дегендер қазақ даласында мүлдем болмаған. Міне қазақтар осындай қажеттіліктерден ( еріккендік немесе ақымақтықтан емес) амал жоқ малын сойып, қонақасын беруге мәжбүр болған. Ал бізден басқа туыс мұсылман бауырлар (өзбек,тәжік,ұйғыр,татарлар т.с.с.) шаһарлы жерлерде отырықшы өмір салтын ұстанғандықтан оларға жеңілдеу болған. Ал енді қазіргі кездегі қонақ асылар шын мәнінде артық па деймін. Ауылдық жерлерде түсінуге де болар, ал қалады мейрамханаларда ас беріп жатқандар көбейіп бара жатқандай.
0 дауыс
шынындада сондайғо бір жағында сок арақтар тұрады
...