Бір мұғалімнің "Арманың тым үлкен болсын. Оған қарай бір қадам жасасаң да, әр қадамың үлкен болады" дегені бар еді. Арманым тым үлкен. Бірақ өмірдің мәні оған жету емес сияқты. Тек жетем деп талпыну. Талпына жүріп, ұмтыла жүріп өмірден өту. Менің оймша, арманның алыста болғаны жақсы. Тым жақындағы арманға қол жеткізген соң өзіңе ризашылықтан немесе шаршаудан әрі қарай жүруге зауқың соқпай қалады.