Ғұсыл денеңнің барлық жерін ұсыл» (араб тілінде) – жуыну, шомылу деген мағынаны берсе, шариғат терминінде бүкіл дененің арнайы түрде толық жуылуын білдіреді.
Ғұсыл алынатын жағдайлар
1. Жүнүп болу: Жыныстық қатынас, ихтилам немесе соған ұқсас жағдайлар арқылы мәнидің сыртқа шығуы. Есінен танған, мастығынан айыққан, ұйқысынан тұрған адам бойынан бөлінген ылғал бір нәрсе көрсе, ғұсыл алғаны абзал. Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынаста мәни шықпаса да ғұсыл қажет. Пайғамбарымыз осылай ескерткен (Әбу Дәәуд, Таһарат; 83). Аллаһ Елшісі былай дейді: «Мәзиде – дәрет, мәниде – ғұсыл бар». Яғни, құмарлық сезімсіз ақса да ғұсыл қажет. Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы осындай.
2. Хайыз және нифас: Әйел затының хайыз бен нифас кезеңі аяқталғанда ғұсыл алуы – парыз. Құранда былай дейді: «(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға: Ол жиіркенішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан толық тазарса, Аллаһтың өздеріңе бұйырған жерінен оларға жақындасыңдар де» (Бақара, 222). Пайғамбарымыз Әбу Хубайш қызы Фатимаға былай дейді: «Хайыз қаны аққанда намаз оқуды доғар. Тоқтағанда ғұсыл алып оқы».
3. Мәйітке (өлікке ғұсыл): Яғни, шейіттен басқа барлық мәйітке ғұсыл құю – мұсылмандарға кифая парыз.
4. Жаңа мұсылман болған адамға ғұсыл алу – парыз. Қайс ибн Асым мұсылман болуға келгенде, Пайғамбарымыз оған ғұсыл алуды әмір етеді (Әбу Дәәуд, Таһарат; 129; Сунән, Жұма; 72). е су тигізіп жуыну ғұсылдың парызы үшеу 1 ауызбен