"...Ежелден болып өстім байларға өш-қас,
Қожа, молда, ишандар - бәрі бір бәс.
Қатын-бала солармен бәрі бірге,
Далада қалған жалғыз мен - тесік тас.
Тас едім жергілікті Құдай тескен,
Жалғанда жан емеспін көңілім өскен.
Белгісіз не боларым болдым бір жан.
Кісі боп бір жерім жоқ көзге түскен.
Ел озып шықпасам да өзім қырға,
Айтқан сөзім құлаққа болды сырға.
Сусынын қандырарлық болдым кеңес
Еділ, Жайық, Ертіспен, Шу мен Сырға.
Деймісің тесілген тас жерде қалар,
Шамшырақ Хақ жандырған саулап жанар.
Асыл, жасық екенін білмесе де,
Желекке тағу үшін біреу алар..." Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
"Шайтанның саудасы"
Меніңше бұл мақал "әр заттың, әр адамның өз орны, өмірге өз пайдасы бар, қанша жерден оны керексіз деп санасада" дегенді тұспалдап тұр.
Мағынасы тек қыз туралы ғана айтылды деу қиын!