+4 дауыс
12.7k көрілді

4 жауап

+3 дауыс
malimetter.org сайтынан қарап көріңіз!
+3 дауыс
Сол Жеті кереметтің бірі - біздің Атыраудағы "Еуразия" көпірі. Қос құрлықты қосатын бұл көпір біздің мақтанымыз! Түске дейін Азияда, түстен кейін Еуропада жүреміз! Бірақ, салыстырмалы түрде алғанда, қаланың Еуропа беті қарқынды дамып келеді.
+2 дауыс

Сол 7 кереметтің 1 Маңғыстауда. Шерқала тауы. Өзім ол туралы мағлұмат алып оқығанмын!

0 дауыс
Қазақстанның кереметтерін санай берсе, 7-ден асырып жіберуге де болады.
Дегенмен «Үш қиян» газеті ұсынған  Қазақстандағы жеті кереметі: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, таңбалы тас суреті, Маңғыстау жерасты мешіттері, Алтын адам, домбыра мен киіз үй және Астанадағы «Бәйтерек» монументі.
Сонымен қатар, республика тұрғындары ғаламтор арқылы байқау ұйымдастырып, таңдаған «Қазақстанның жеті кереметі» мыналар:
1. Оғыландыдағы Бекет-Ата жерасты мешіті
2. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
3. Сауран қалашығы
4. Қаратау жотасы
5. Қазақстандағы ең терең Қарағия ойпаты
6. Шерғала
7. Астанадағы Бәйтерек монументі.
Келіссеңіздер де, келіспесеңіздер де, бұл ендігі халық таңдауы!
...