Егемендік алдық,тілімізді қайтардық деп айту әлі ерте бірақ ,аздап болса да қазақтың көкірегінде намыс оянды.Менің жасымдағы адамдар кеңес дәуірін де көрді, осы дәуірді де көріп жатырмыз. Меніңше халықтың тұрмысы жақсарды деп өз басым ойламаймын, Әсіресе ауыл жастары үшін қиын заман, себебі оларды қамтамассыз ететін жұмыс жоқ. Завод жоқ, фабрика жоқ, ауылда колхоз, совхоз жоқ. Кеңес дәуірі кезінде жұмсышы деген ең табысы көп еңбекккер болатын. Олардың табысы жоғарғы оқу орнын бітірген инженерлерден екі есе көп болатын. Ол кезде жұмысшы кадрлар дайындайтын ПТУ СПТУ лар көп болаты,және тегін оқып,токарь,фрезировщик,механизатор сияқты көптеген жұмысшы мамандар дайындалып завод,фабрикаларды жұмысшы жас кадрлармен толықтырып,солар үшін арнайы жатаханалар беріліетін.Оқуға түсе алмаған жастардың барлығы да жұмыссыз сандалып қала кезіп кетпейтін,ауылынан да жұмыс күтіп тұратын. Қазіргі егеменді Қазақстанда дұрыс завод та жоқ фабрикалар да жоқ Индустрия ауыры да, жеңіліде жоқ, Кергімізге бәрін шетелден әкелінген товарлары пайдаланамыз. Көлік,тұрмыстық техника,киім, тамақ, құрылыс заттары,тіпті шеге, түйреуіш, пол жуатын тряпкаға дейін бәрі импорт ,егеменді Қазақстанда өндірілген бір де бір зат жоқ. Ал медицинаға келетін болсақ, ең артта қалған медицина болды. Тіпті ауруханаларда қазіргідей бір пайдалануға арналған құралдар мүлдем жоқ еді,тіпті латекс қолғаптың өзін формалинге салып қойып,ұзақ пайдаланатын.Медтехникадан жұрдай еді.Бірақ ауруханаға жату, дәрі дәрмек ақысыз еді.Сосын дүкендерінде тұздалған қияр,көк помидор ,үш литрлік банкада толып тұратын, кейде орыстың ішкіштері алып жататын. Кейде ет, сарымай түсетін бірақ кезекке тұрсаң алуға болатын.Киім алсаң, көбіне дұрыс келмейді,портнойға барып,фигураға подгонять еткізіп алатынбыз. Бір жақсысы сол кездегі тамқтың да киімнің де сапасы жақсы,зиянды қоспа синтетикалары жоқ, денсаулыққа зиян келтірмейтін еді. Ал қазір ше? дүкендер толып тұр, түріне қарасаң керемет,иісі тамаша тәбетіңді ашады бірақ, алып жеуге қорқасың ,толған консерванттар мен генндік модификацияға ұшыраған тағамдар.Киімінң бәрі табиғи бір талшығы жоқ, таза синтетикадан жасалған! Ол кезде адамдардың бәрі бірдей ед,і қазіргідей бай кедей болып бөлінбейтін, Тек орыс ұлтын ішкені арақ сасып жүрсе де "ұлы халық" дейтінбіз. Ең масқарасы, Қазақ ССРінің гимнде сөз бар болатын" көп алғыс айтамыз, ұлы орыс халқына!" деген.Бүкіл мүлік жер ,уй,завод, фабрикалар үкіметтікі болатын,яғни жалпы халықтікі.. Ал қазір сол мемлекттік мүліктер талан таражға түсіп,белгілі бір адамдар иеленіп байып , халықтың қолында дым жоқ болып қалған жоқ па?Кенорындарының мұнай қорының бәрі шетелдің еншісінде,жұмысшыларына дейін өз елдерінен әкеліп жатыр. Жергілікті халықты жұмысқа алса , мүлдем аз еңбекақы төлейді.Ал енді қазіргі өміріміз өте тамаша ма әлде басқаша ма,оны өздерің салыстырып көріңдер!