Бір кезде осы сайтта жаңбыр суында витаминдер бар ма деген сұрақты оқып күлкіден қақалып қалған едім.Соған жауап та бергенмін, бірақ бір себептермен сол сұрақ та жауап та жоғалып кетті.Жаңбыр және қар сулары бір кездерде , заводттар, фабрикалар,ТЭЦ,кенбайыту, мұнай өңдеу сияқты химиялық заводттар болмаған кезде ең таза,ең пайдалы су болған. Себебі буланып ұшқан су атмосферада қайта салқындап сұйық күйге ауысқанда барлық қоспалардан тазарып, таза химиялық су болмаса да сол стандартқа жақындаған.Лабораторияларда судың дистилляторы деген прибор бар, ол аппарат суды бірінші қайнатып буға айналдырады,сосын буды салқындатып,қайдадан суға айналдырады.және оны дистиллденген су дейді Оны дәріханаларда ,дәрі жасайтын заводтарда еріткіш ретінде пайдаланады. Кейбір бүйрегінде тас,құм жиналған науқастарға осы дистилденген суды ішуге дәрігерлер кеңес беріп жатады.Кейде кейбір кісілер машинаның радиаторына, бумен жұмыс істейтін үтіктерге қақ жиналмас үшін құяды Қазіргі заманда техногенді тәсілдермен ауа,жер ластанып, жаңбыр суы ішуге мүлем жарамсыз болып қалды.Тіпті жаңбыр суын денеңе, киіміңе де тигізбеген дұрыс, себебі заводттары жақын жерде орналасқан жаңбыр суында қышқылдар, сілтілер, нешетүрлі заводттардан бөлініп жатқан химиялық заттар ерітінді куйінде болуы мүмкін.