+1 дауыс
44.7k көрілді
Кірпікті қалай өсіруге болады?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қайқайған, қалың, ұзын, найзадай кірпіктерді қай қыз болса да армандайды. Бүгінгі таңда оған қол жеткізу де қиын емес, жасанды кірпік жалғап беретін әсемдік салондары көп. Бірақ, арнайы той-томалақ пен кештерге жасатпаса, жасанды кірпікпен мәңгі жүре алмайсың. Бәрібір өз кірпігіңнің керемет болғанын қалайсың…

Ошаған (репейное) майы.  Кірпік күтуде көп аталатын құралдың бірі. Ол кірпіктің өсуін тездетіп, қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кірпіктің түсуін баяулатады.

Таусылған сүрмеңіздің (тушь) флаконын тастамай, ішін жуып, кептіріп, ошаған майын құйып қойыңыз. Күн сайын кешке кірпігіңізге жағып жүріңіз. Майдың көздің шырышты қабығына түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Майды жағып, 15 минуттан соң құрғақ мақтамен сүртіп тастаңыз.

Майсана (касторовое) майы. Бұл да кірпікке өте тиімді құрал. Ошаған майын қолданғандай, бұл майды да ескірген таусылған сүрме ыдысына құйып қоясыз. Күнде кешкісін жағып жүріңіз.

А дәрумені. Кірпігіңіз ұзын боп, тез өссін десеңіз, А дәрумені жақсы көмектеседі. Майсана майына А дәруменін (дәріханада сатылады) араластырып, күнде ұйықтар алдында кірпігіңізге жағып жүріңіз.  5 минуттай ұстап, мақтамен сүртіп алуды ұмытпаңыз.

Массаж. Кірпіктерді арнайы тарақтарымен жиі тарап, кірпік түбіне көбірек массаж жасап тұру да өте пайдалы, кірпіктің өсуін тездетеді. Кірпігіңізді сүрмемен бояғандай астынан жоғары қарай, түбін саусақтың ұшымен оңға, солға уқалаңыз.

Вазелин. Қолжетімді әрі тиімді құрал боп табылатын вазелин бір айда нәтижесін көрсетеді. Ол үшін вазелинді күнде жатар алдында кірпігіңізге қалыңдап жағыңыз. Вазелин кірпікте түні бойы тұрып, әбден сіңіуі керек. Осылай аптасына үш реттен бір ай бойы жақсаңыз, кірпігіңіздің қалыңдап, ұзарғанын байқайсыз.
0 дауыс
Майсана майы еш комек бере алган жококиништи
0 дауыс

Осыдан 7 жыл бұрын ошаққа от жағамын деп жүріп,пеш атылып кеткен ғой.... Содан кірпігімді, қасымды, шашымды, жалпы бетімді күйдіріп алған едім. Шашым мен касым өсіп шықты да кірпігім өспей қалды. Қымбат кірпік өсіретін құралдарды байкап көрсем де нәтиже болмап еді. Бала босанып үйде отырған соң кірпігіме осма майы мен майсана майын жағып жүргенмін. 2 айда нәтижесін көрдім. Кірпіктерім мен қасым қалың әрі қайратты болып өсіп шықты. Негізгі жарнамалардағыдай қайрылып қалған күшті кірпік армандап едім, бірақ өзімнің баяғы тіп-тіке кірпіктерім өсіп шықты. Бұган да шүкір))) Өзім тәжірибе жасап,нәтижесін көрген майларды сіздермен бөлісейін дедім.

Майсана майы

0 дауыс
Витамин Е ,косторвое масло комектеседи кешке карай жагып жат косторовое масло 1,2айдан кейн натижесн коресн ал витамин Е 2,3аптада)
0 дауыс
осма майы калай колданады шашка 1 ай жактым дым озгерыс жок
0 дауыс
А витаминінівитаминінің неше штугын қо
0 дауыс
Вазелин мен майсана(касторовое)майы жақсы көмектеседі
0 дауыс
Оның Біреуге әсері бар. Біреуге әсері жоқ
0 дауыс
Істеп көру керек)Кірпік көп қойдырамын кірпіктерім сиреп кетті

Ұқсас сұрақтар

...