+4 дауыс
3.8k көрілді
Қандай әлеуметтік желі ең алғаш қолданылды?????

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең алғашқысын қайдам,әйтеуір ең алғаш тиімді болып қолданылған ол майл.ру ғой
ЖЖ ..............................................
Белгісіз
–1 дауыс
Мүмкін facebook болар...............?
0 дауыс
менің ойымша майл.ру шығар
+4 дауыс
Ең алғаш 1995 жылы Рэнди Конрадстың Classmates.com атты американдық әлеуметтік желісі ашылды,кейіннен 2003—2004 жылдары LinkedIn, MySpace и Facebook әлеуметтік желілердің тізімін толықтырды,ал 2006 жылы Одноклассники, ВКонтакте, 2007 жылы Мой мир әлеуметтік желісі ғаламторға енді..
1999 жылдан бері Mail.ru бар .
+2 дауыс
Заманауи көзқарас бойынша, ақпаратсыз қалған қауым қараңғы болып саналады. Шексіз, шекарасыз ақпарат торабы әлем елдерінің халқын бір-бірімен байланыстырып отыр. Бұл тұрғыда әлеуметтік желілердің маңызы зор. Еркін ақпарат ұғымы жайлы сөз қозғағанда ең алдымен осы әлеуметтік желі жайлы айтамыз. Ақпарат еркін түрде тасымалдау, адамдардың бір-бірімен коммуникацияға түсуі, виртуальды әлем арқылы ақпарат алмасу, ой бөлісу, тіл біліміне қарай мемлекет шекарасынан шығу – бүгінгінің заманауи талабы.

Адамдардың бір бөлігі шектеу қою қажеттігін алға тартса, ендігісі әлеуметтік желіні қолдайды. Қоғамға енген жаңа, жат нәрсені талқылау, таразылап сүзгіден өткізу қажет. Біздіңше, әлеуметтік желі де мұндай процестерден өтіп, бүгінде қоғамнан өз орнын тапты деуге болады. Өйткені Қазақстан бойынша барлық бұрыш-бұрышына тарап үлгерді. Бір жағынан оның кең жазық далада орналасқан адамдардың басын біріктіретін құрал іспеттес болып отырғанын аңғарамыз. Әлеуметтік желі хақында жағымды және жағымсыз сөздер жиі ұшырасады. Жағымсыз тұсы, бала санасын улау, сол желіде уақыт өткізу, психикалық бұзылу көрсеткіші болып отыр. Біздің пайымдауымызша, ол адамның жеке бастық әлсіздігі. Кейбіреулердің санасында желі тек қана әңгіме не өсек-аяң айту нүктесі. Бұл өте тар ұғым. Ал саналы қоғам оны ақпарат алу құралы ретінде қарайды. Қай жағдай болмасын, әлеуметтік желіні пайдалану адамның өзіне, оның қажеттілігіне байланысты екенін әсте есте ұстаған абзал.
Электронды пошта арқылы хат алмасу – желілі қызметтің ең жоғарғысы, тиімдісі. Алыс-жақын елдермен тікелей құжат алмасуға тіпті қолайлы. Кезінде айлап хат жазысу, ақпарат күту өте қиын болған. Мақан Жұмағұлов «Қыран құзы қияда» атты Амангелді Иманов туралы романында осы хат-хабар алмасу туралы жазады. Сол көтеріліс тұсында батырлар хаттың екі түрін қолданған. Бірі жай хат, екіншісі тауық қауырсыны салынған хат. Тауық қауырсыны салынған хат жеделділікті білдіреді. Ондай хатты күні-түні демей атпен шауып отырып, еш кедергісіз жүріп отырып, жеткізетін болған. Өткенге саяхат жасай отырып, бүгінгі жағдайды өзіңіз де бағамдай аласыз. Кезінде айлап хабарласу, бүгінде бір минуттық қана. Қай заманда да ақпарат адаммен бірге өмір сүріп келеді.
Жалпы, неге «әлеуметтік желі» атауын алды? Әлеуметтік желі дегеніміз — бұл адамдар мен олардың қарым-қатынасы, яғни әлеумет – халық, адамдар тобы болса, желі деген байланыс яки қарым-қатынас.
Әлеуметтік желілер 1995 жылдардан бері қарай кеңінен қолданылуда. Алғашқы болып Classmates.com (сыныптастар) әлеуметтік желісі шықты. Ал 2003-2005 жылға қарай MySpace,Facebook секілді желілер саны бірқатар көбейді. Арнайы зерттеушілердің статистикалық мәліметіне сүйенсек, шетелде көп қолданылатын әлеуметтік желілер мыналар екен: Facebook, Last.fm, LinkedIn, MySpace т.б; Ресейдің өзінде: В Контакте, Мой Круг, Мой Мир, Одноклассники.ru, Живой Журнал. Ал Қазақстандағы әлеуметтік желілер nur.kz, Birge.kz, Ilike.kz, on.kz, kazlife.com, Zhelide.kz сайттары жұмыс істеуде. Сейілбек Асанов «Әлеуметтік желілер пайданың да, қауіптің де көзі» (19.10.2012) деген мақаласында мынадай мәліметтерді келтіреді: «Facebook»-тың 750 000 000, «MySpace» әлеуметтік желісінің 255 000 000, «Twitter»-дің 200 000 000, «В Контакте»-де 155 000 000, «Windows Live Spaces»-те 120 000 000 адам пайдаланады. Әлеуметтік желі мыңдаған компаниялардың тауарларын желі арқылы жарнамалап, тұтынушылар санын он есеге арттырды. «eMarketer» аналитикалық компаниясының есебі бойынша, 2011 жылы әлеуметтік желі кәсіпкерлердің 5,54 млрд доллар пайдаға кенелуіне жол ашқан. Блогер Асхат Еркінбайдың «Жаңа медиа: монологтан диалогқа» (14 бет) деген кітабында «2012 жылдың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы интернет қолданушылар саны 9 миллионнан асып жығылады. Бұл жалпы халықтың 40 пайызынан астамы деген сөз. Интернет қолданушылардың саны артқан сайын мәлімет пен ақпаратқа деген сұраныс та көбейетіні сөзсіз. «.Кz» доменінде тіркелген сайттардың 80 пайызға жуығы орыс тілінде, тек 8 пайызы қазақ тілінде. Қалғаны өзге ұлт үлесінде», – деген мәліметтер келтіреді. Бұдан аңғаратынымыз, қазақ тіліндегі желілі байланыстың ақсап тұрғаны. Жалпы, интернетке қолжетімділік ақпараттық кеңістікті кеңейтеді. Сондықтан да интернет байланысын жан-жақты ету жайында түрлі жоспарлар құруда.

Бұл тұрғыда әлеуметтік желідегі басты кемшілік тұсы бұқара жұрттың рас не жалған сөзді аңғара алмауында. Біреудің арандатушылығына түсіп қалуы да әбден мүмкін. Осы жағдайды қарастырып отырған бүгінгі ғалымдар ендігі де әлеуметтік желі ашарда әр адамда тек бір ғана аккаунт болатындай етіп жасауда. Өйткені бір баста бірнеше аккаунт ашылуы саны көп, сапасы жоқтыққа әкеледі. Яғни ол үшін жеке куәлік нөмірімен тіркеледі екенбіз. Мұнда да қауіп бар. Өйткені сіз жайлы мәлімет интернет бетінде өріп жүреді. Хакерлердің сіздің әлеуметтік желідегі парағыңызды бұзып, жеке бастық ақпаратты еркін қолдануы да мүмкін. Бұның артында үлкен қылмыс бар екенін аңғаруға болады.
Әлемдік ақпараттық нарыққа әлі толықтай ене қоймаған Қазақстандық БАҚ-қа шетелдік тәжірибе мен технологияны меңгеру қажет. Алайда талдап-таразылап, пайдалысын ғана алу керек. Әлеуметтік желілер арқылы шетелден төнген ақпаратты сараптай білу, оларға жауап ретінде тойтарыс беру үшін де білім рөлі ерекше. Себебі ұлттық мүдде шеңберін тек мемлекет ішінде емес, сонымен қатар мемлекеттен тыс деңгейде көтеретін дәрежеге жету үшін білімділік пен жан-жақтылықты талап етеді. Сондықтан желілік коммуникацияны ақпарат құралы ретінде қарап, сәйкесінше, саяз ойдың жетегінде кетпей, желілік байланыс құралын дұрыс мақсатта пайдаланайық. Әлеуметтік желі — халық әлеуетін қозғайтын құрал, жаңа медианың бір саласы. Желілер торабы адамдарға қызмет етуші функция ғана екенін әсте естен шығармаған абзал. Саналы басты бір құралға тәуелді етпей, оны санаға бағындырайық!

http://kaz.classtime.kz/node/1241
недеген статистика, рахмет сізге көп нәрсе біліп қалдық +1
сізгеде рахмет)))
0 дауыс
Әлемде Майл ру 1999 жылы екінші әлеуметтіік желі ретінде тіркелді
0 дауыс

Ең алғаш  одноклассники әлеуметтік желісі тіркелді деп естігем телидидардан

Қателестің баурым . Майл.руға тіренлген әлеуметтік желілердің бірі болып саналады .
0 дауыс
Ең алғашқа әлеуметтік желі ретінде феисбук тіркелген , ал қалғандары , одан кейын шықты  , сол себепті көптеген шет елдік жұлдыздардың көбі осы фейсбукта отырады .
–1 дауыс

Мүмкін MAILRU болар...............?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
10 жауап
0 дауыс
4 жауап
...