Необыкновенная, ол айтуын айтад,оның әке- шешесіне, Мүмкін оның әке- шешесіде өздерінің отбасында солай боқтап сөйлеп, бір- бірінің сөзін көтермесе жұдырықтасып алу кәдімгі қалыпты жағдай шығар.Өзім кішкентай кезімде әке- шешем сондай бір семьямен көрші тұрған. Әкесі мен шешесі қырғын болып төбелесіп, ата- бабадан түк қалдырмай боқтасып ұр- да жық болып жататын. баларыда сондай у -шу болып, қыздары бірінің шашын бірі жұлып жататын.Сосын бір- екі сағаттан соң әйелі көзі көгеріп,куйеуі беті тырналған куліп сөйлеп баларымен стайкелерінде жайбірахат шай ішіп отыратын, у -шулары күнде осылай қайталанатын.Қыс айларында жақсы онша естімейсің, жазға қарай боқтық сөздерін естімейін десең де естіледі Әкем марқұм сол үйдің баларымен араластырмайтын,екі жылдай көрші болып"құдай сақтасын" деп бөтен үйге көшкенбіз.Мақал бар ғой "көршің жаман болса, көшіп құтыл" деген. Қазір естимін сол үйдің ұлдары да , қыздары да барған жерлерінде ұр да, жық сол мінездері екен.Тіпті бір қызын ата- енесі қайта әкеліп тастапты , күйеуі былай тұрсын атасы,қайныларымен де төбелеседі деп . Сондықтан, ерте ме кеш пе ол тентек қыздан бір оңбай таяқ жеп, немесе көңіліне тиетін сөзден соң өзі де іргесін аулақ ұстайтын шығар.