Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді.
Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.
Жанама тамыр негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.
Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді.
5.Тамыр жүйесі –бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі,жанама,қосалқы) жиынтығы.Кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді.Кіндік тамыр жүйесінде білеуленген жуан негізгі тамыры бар,оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады.Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер:сәбіз , картоп ,қызанақ , орамжапырақ т.б.
Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды.Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі,көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай ,жүгері ,күріш ,тары ,пияз ,т.б.) болады.
№2.
Тамырдың түрөзгерістері
Сипаттама,қызметі
Жемтамыр
Сәбіз,шомыр,тарна,ақжелкен,қант қызылшасы,шалқам,шашыратқы
Әртүрліорганикалық заттар өсімдіктің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналады,жуандап түрін өзгертеді.Жемтамырлар шырынды,құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан,күнделікті тамаққа пайдаланады
Тіреутамыр
Үнді фикусы
Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар,дами келе қосалқы тамырлар шығып,біртіндеп ұзарып,топыраққа жерге жетеді.
Қосалқы тамырлардың саны көбейеді,жуандайды.Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді.Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке,сұлбасы үлкен болады.Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Емізік тамырлар
Сұңғыла ,арамсояу
Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары.Бұлар пішіні,түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды.Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады.Емізік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады.Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп емізік тамыр арқылы дайын қоректік заттарды сорады.
Түйнек тамырлар
Наурызгүл(георгин),батат,шырыш,таушымылдық
Тамырдың барлығы жуандап,шырынды болады.Егер шашақ тамыр түйнекке айналса,барлық тамырлары білеуленіп,жуандап топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін ж/е жыныссыз көбею үшін қажет
Ауа тамырлар
Мангр ағашы,монстера,сауыр(кипарис),орхидиа
Сабақтан дамиды.Оттегі жоқ,батпақта,сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады,қабығы жұқа болады.Ағаш діңіне жабысып өскен сүйесіннің (орхидия) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді.Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады
Суреттерін таппадым