0 дауыс
1.7k көрілді

            Бекзат Саттархановтың отбасы қазір Түркістан қаласында тұрады ма?

4 жауап

+1 дауыс

Бекзат Саттархановтың Олимпиададағы ерлігі мен спорттағы өзге де жетістіктері турасында аз жазылып жүрген жоқ. Талай-талай жаныңды шымырлатар мақала жазылып, поэзия кейіпкеріне де айналды. Тіпті, деректі фильм де түсірілді. Бекзат туралы қанша айтсаң да аздық етпесі тағы бар. Тірі болғанда ол биыл орда бұзар 30-ға келген болар еді. Өкінеміз, еске түсіреміз, тірі болғанда туымызды талай биікке көтерер еді деп армандаймыз…
…Бекзаттың мектепте қай қызға хат жазды? Достары кім еді? Сабағы, мінезі қалай? Сотқар ма, жуас па? Сонымен біз білмейтін бала Бекзат кезінде қандай еді? Біз осы сауалдарға жауап іздеуге тырыстық.

 

Сырлыкүл Шойбекова, Бекзаттың анасы:

Ол дүниеге келмеуі мүмкін болатын…

– Бекзатым мен үшін ерекше жаратылған бала еді. Жұрттың балалары секілді асыр салып, доп қуып, асық ойнап өсті. Дәрігерлер «саған енді бала көтеруге болмайды» деп бірауыздан қарсылық білдірген. Алайда, мен «осы баламды қалай да дүниеге алып келемін» деп, алдыма мақсат қойдым. Бекзатым іште 7 айлық болғанша, ол туралы ауыз ашқаным жоқ, есепке де тұрмадым. Дәрігерім естіген кезде қатты ұрысты. «Сен өзі өмір сүргің келе ме? Кеш қаралған өзіммін деп тілхат жазып бересің», деді. Жазып бердім.
Бекзатым бала кезінде өте нәзік еді. Кейде отырып «осы балам қыз болғанда алдындағы үш ағасына еркелеп өсер еді» ғой деген қиялға берілетінмін. Отбасымызда қыз бала жоқ-ты. Алдында егіз қыз босанып, екеуі де шетінеп кеткен болатын. Ашығын айтқанда, Бекзат қыз мінезді еді. Гүлге құмар-тұғын. Көшеден, ауладан гүл көре қалса, отыра қалып иіскеуші еді. Қатты қызығатын.
3-сыныпта оқып жүрген кезі. Бірге оқитын сыныптастарының арасында әке-шешесі жоқ, жетім балалар бар екен. Бір күні әкесі екеуімізге келіп: «Дене шынықтырудан беретін ағай ата-анасы жоқ балаларға неге спорттық киіммен келмейсіңдер деп әбден ұрысты. Жоқ болғанына олардың кінәсі не?! Мақсаттардың (үлкен ағаларын меңзеп отыр) сыймай қалған киімдері болса, соларға апарып берейікші», – деді.
Жетім көрсе жебей жүретін халықпыз ғой, Бекзатқа әлгі балаларды ертіп келе ғой, ертең базарға апарып киім әпереміз дедім. Бикошымның қуанышында шек болмады.
Бір күні дүкен аралап жүрсек, Бекзат бір былғары допты ұстап алып «Мама, мына допты алайықшы» деп жалынғандай кейіппен қарап тұр. Әпере салайын десем ақша шіркін, жетіңкіремейді. «Бекзат, айналайын басқа ойыншық ала салшы» десем көнбей қойды. Амал жоқ, бар ақшамды төлеп, қалғанын қарызданып былғары допты сатып әпердім. Үйге келді-дағы көшеде ойнап жүрген балаларға берді ғой соны. Сөйтсем, көршіміздің баласы добын қызғанып, ойнауға бермейді екен. Сонда Бекзатымның допты сол балалар үшін алғаны белгілі болды. Бәрі ойнасыншы дегені екен ғой (Анасының көзіне жас келді – Д.Ә)…
Өмірінің соңғы кездерінде ол болашағына жоспар құрғыш болып алды. Күнделік арнап, соған алдағы атқаратын істерін, жоба-жоспарын жазып жүретін әдет шығарды. «Мама, мен әлі кем дегенде екі олимпиаданың чемпионы боламын», – деуші еді. Бірдеңеге асығып жүргендей, бір нәрседен қалып кететіндей күйгелектеніп кететін. Баламның асыл армандары, жоспарлары өзімен бірге бақилыққа кетті. Әйтсе де, артынан ерген қазіргі інілері Бекзат жеткен биікке әлі талай жетеді деген сенімдемін.

Сейілхан Саттарханов, Бекзаттың әкесі:

Сиднейде де таң намазын қаза қылмапты

– Бекзат боксқа 15 жасында алаңсыз бет бұрды. Сол кезде мектепте бокс үйірмесі ашылыпты. Соны естіп алған ол: «Әке, мен боксқа қатысамын» деп қиғылықты салды. Жазғы демалыстың уақтысы-тұғын. «Мейлің, 3 ай бойы бос жүргенше, қатыссаң қатыса ғой» деп келісім бердім. Қыркүйектің соңына таман турнирге қатысатын болды. Қуанып жүр. «Үш-ақ ай қатысқан бала қайбір қарық қылады дейсің» деп мен отырмын. Қатысты. «Мен кубок жеңіп алдым!» деп келіп тұр үш күннен кейін. Алғашқы жеңісі – біз үшін де, өзі үшін де өте ыстық еді. Сол кубогы үйде әлі тұр. Осыдан бастап спортқа деген ерекше құлшынысы пайда болды. Келе-келе жеңісі көбейе берді. Кейін Нұрлан Жұмабаев деген жас жаттықтырушыға тапсырдым. Алыс қалалардағы жарыстарға жіберерде, қатты қиналып қалатын едік. Себебі спортшылар ол кезде өз қаражатымен баратын еді. 5-10 мың теңге деген ол кезде әжептәуір ақша. Соны әйтеуір қарыздансақ та тауып беріп жүрдік.
Жаттықтырушы Нұрлан да шыр-пыр болатын: «Өзім демеуші іздеп едім, таппай қойдым. Өздеріңіз бірдеңе қылыңыздаршы, Бекзат болашағынан көп үміт күттіреді» деп, қайта-қайта келетін. Бекзат жарыстардан қалмай жүрді. Үнемі жүлделі орыннан көрінетін. Елдің түпкір-түпкірінен келген жаттықтырушылар Бекзаттың боксқа кездейсоқ келмегенін аңғарып, жан-жақтан «құда түсушілер» көбейе бастады.
Туабітті дарыны бар адам әйтеуір бір жерді тесіп шығады екен ғой. Бекзаттың небары бес жыл ішінде Олимпиада чемпиондығынан өзге бағындырмаған биігі қалмады.
Бекзат өсе келе аят жаттап, дінге бет бұра бастап еді. Сиднейге кеткенше намазын тастамады. Кетер алдында екі апта бойы үйге келіп демалған болатын. Сонда «әй, балам-ау, өзің азаннан кешке дейін дайындаласың, жаттығуың бар, бес уақыт намаз оқисың. Әзірге таң намазын ғана оқысайшы» деп өтініш айттым. Балам үндемеді. Қазір сол айтқандарыма өкінемін. Дінге бет бұрғанының, Алланың жолына түскенінің арқасы шығар, сондай биікке көтерілгені. Ермаханның айтуынша Бекзат Сиднейге барғанда да таң намазын қаза қылмапты.

Әсия Жүсіпова, Бекзаттың мұғалімі:

Тарихқа ықыласы күшті еді

– Бекзат анау айтқандай керемет, үздік оқыды деп айта алмаймын. Бірақ нашар оқыған да жоқ. Оның үнемі үздік оқитын сабақтары қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы еді. Орыс тіліне шорқақ болатын. Тәрбиелі, тәртіпті-тұғын. Бала болып біреумен ерегісіп, төбелесіп қалғанын байқамаппын. Бекзат жоғары сыныпта спортқа жан-тәнімен кірісті. Сол кездің өзінде-ақ мектебіміздің абыройын асырып, ұстаздардың мерейін өсіруші еді. Сыныптағы ер балалар өскен сайын топтарға бөліне бастады, бір топта өңшең бұзықтаулары болса, екіншісінде белсенді, жақсы оқитын, тәртіптілер жүретін. Бекзат екінші топтың қатарында жүрді. Бірге жүрген достарының барлығы дерлік қазір үлкен азамат болды. Алайда біз үшін Бекзаттың орны ерекше. Бала болған соң қыздарға да қырындайтын. Бірақ естияр махаббат құруға, отбасылы болуға қысқа ғұмыры жетіңкіремей кетті ғой…
Уақыт шіркін бірте-бірте ұмыттырады екен. Қазір де мұғаліммін. Кейде сабақ үстінде отырып, кейбір балалардың бойынан Бекзатқа тән қылықтарды, мінездерді көремін. Жеңісі соныкіндей, тағдыры оған ұқсамаса екен деп тілеймін.
Бүгінде Түркістанда даңғыл, спорт кешені, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің жастар ұйымы, тіпті, өзі тұрған ықшамаудан да Бекзат атымен аталады. Батыр ұлын естен шығармаудың бір бейнесі ғой бұл да болса. Алайда сағыныш шіркін, бәрібір қылаң береді. Оны елі сағынады, киелі жері сағынады, ең бастысы әлдилеп емізген, батыр қып өсірген анасы мен әкесі сағынады. Айтпақшы, Бекзаттың Бекзат есімді інісі өсіп келе жатыр екен. Мақсат деген ағасының баласы. Тіл-көзім тасқа, айнымаған Бекзаттың өзі. «Баламның аты өшпесін деп, имамдардан рұқсат сұрап барып атын қойдық», – дейді батырдың анасы Сырлыкүл.

Дәурен Әбдіраманов, Түркістан қаласы , «Нұр АСТАНА»

http://мұнда))

ЖЖ күтемін))

Дәурен Әбдраманов мырза бұны қашан жазды екен.....
осы мына жерде дегеннің ішіне ссылка қалай қояды.
және сайтқа сурет қалай салады...
сайтқа сурет қосу
ripero мына жауапты көр)))))))))))
ООО керемет РАХМЕТ өзің жасадың ба?
ия, бүгін түсірдім.
+2 дауыс

RipEro міне сурет қою)))))))))))))))))))))))))(

ООО рахмет көп көп!
оқасы жоқ))))))))))))))))))))
ия жаңа отырып жасадым)))))
Енді маған міне дегеннің ішіне  ссылка салуды айтжер?:)
қазір жасап алайын жіберемін)))))))))))
қойдым RipEro қара))))))))))))
+1 дауыс

 міне осылай жасайсың RipEro))))

+1(y)  рахмет бәрін үйрендім сенің арқаңда(y)
оқасы жоқ көмегімнің тигеніне қуаныштымын)))))))))
...