Адамдардың шашы ұзын қыздарға көзқарасы қандай?

+3 дауыс
4.6k қаралым
Менiн шашым белiмнен асты,адамдардын шашы узын кыздарга козкарасын бiлгiм келедi?
• Санаты: Тазалық Белгісіз
Шыын баа? Рахметик....
Ой рахмет саган Сако

6 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Шашы ұзын қыздарды көрсем лең ете қалам.....(әзіл). Негізінен шашы ұзын қыздар сұлу болып келеді ғой. Қыз баланың сәнін кіргізетін де сол шашы деп ойлаймын.

))) мен РахметНазжан!
Мен бір қызығы лаң ете қалам деген сөзді қолданбақ түгілі мағынасын да білмеймін. Кім өңдеп қойды екен?
+1 дауыс
Жалпы естуимше,шашы узын кыздарды ер адамдар жаксы корет дейдиго.Бурым болган жаксыго.
+2 дауыс
Ия шашы ұзын қыздар маған ұнайды. Қыздың ең көрікті жері шашы ғой.
0 дауыс

Шашы ұзын арулар қашан да нәзіктік пен сұлулықтың нышаны болған. Шаш - әр қыздың көркі. Шашының ұзын болғанын қаламайтын қыз жоқ шығар. Алайда оны өсіруге кейбіреулердің шыдамы жетпей жатады. Назарларыңызда шаштың өсуін бәсеңдететін жағдайлар.

Шашты сәндегенде фен, плойка, түзулеткішті қолдану

Аптасына бірнеше рет осы құралдарды пайдалансаңыз, шашыңыздың саулығы құртылатыны анық. Шаш ыстық әсерінен қатты зақымданады. Жұқаланып, сынғыш болады. Шаш түсуі көбейіп, жылтырын жоғалтады. Бұл шаштың 88 пайызын құрайтын керотиннің азаюына байланысты. Шашын өсіремін деген қыз бұл құралдарға "жоқ" деп, одан алған зақымын орынға келтіру керек.

Кеңес: Аптасына екі рет протеин маскасын қолданыңыз. Шаш кептіргенде фен қолдансаңыз, ыстық емес жылы ауа ағынын пайдаланыңыз. Ал плойкамен шаш бұйралағанда, оның алдында термо қорғаушы сұйықтықты шашыңызға жағыңыз.

Шашты бояу не "химия" істеу

Шаштың бірқалыптығы жалықтырып, түсін ауыстырып, мелирование не "химия" істеп пе едіңіз? Басында ұнатып, ал енді шаштың зақымданғанын көріп, қамықтыңыз ба? Әрине химияны не бояуды кетіретін амал жоқ. Алайда бұл шашты да күтіп, зақымданған шаштарға арналған сусабын мен сұйықтықтарды қолданыңыз.

Кеңес: Дүкен аралап, зақымданған шаштарға арналған сусабын, маскалар және қосымша сұйықтықтар алыңыз.

Бас терісінің зақымдануы

Қайызғақ, бас терісінің қышуы, шаш тамырының ауруы - бас терісінің зақымдану белгілері. Шаштың саулығы мен түрі оның тамырының саулығына ғана байланысты. Сондықтан ол шаш өсу тездігіне тікелей жауап береді.

Кеңес: Қолданатын сусабыныңыздың құрамында мырыш болсын. Бас терісіне массаж жасап, шаш тамырын берік қылатын арнайы сұйықтықтарды маусымына бір рет қолданып отырыңыз.

Басыңыздан қиын жағдай өтті ме?

Жұмыста, сабақта қиындықтарға тап болып, не отбасыңызда жағымсыз жағдай орын алды ма? Бұның бәрі сіздің денсаулығыңызға әсерін қалдырып, шашқа да өз зақымын тигізеді. Осының әсерінен шашыңыздың шамадан көп түсуі жаңалық емес. Адамның стресс жағдайындағы шаш өсуі 4 есе кеміп, түсіп қалуға да барады.

Кеңес: Демалып, қиындықтарды ұмытуға тырысыңыз. Ол үшін сүйікті бір іспен айналыссаңыз болады. Мысалға спорт не би көңіліңізді көтеріп, денсаулығыңызға да пайдалы болады. Стресспен күресе алған кезде өзіңіз де байқарсыз, жалпы денсаулығыңыз, сонымен қатар шашыңыз сізді өз жағдайымен қуантады.

Бар жағдай жасасаңыз да, шашыңыз өсуге асықпайды ма?

Генетика, тамақтану ерекшеліктері, тұратын жеріңіз. Бұның бәрі де шаш өсуіне өз әсерін тигізе алады. Денсаулығыңыздағы болған қиындықтар, қатаң диета, не шамадан көп жұмыс шашыңызға зақымын тигізбей қоймайды.

Кеңес: Шашқа тек сырттай емес, іштей де көмек беріңіз. Тамақтануыңызды ретке келтіріп, йод, кальций, темір және омега-3 қышқылдарына бай тағамдарды рационыңызға қосыңыз. Дәрумендерге бай табиғи тағамдарды көптеп жеңіз. Тақырыптан ауытқығаныма кешірім сұраймын))))

http://осы жерден алынды

+1 дауыс
Маған да шашым ұзын болған ұнайды.1 жасымнан бастап өсіріп келе жатқанмын,4-сыныпта басыма ем жасау керек болды да,сол кезде алып тастады.Ал одан кейін мүлдем қиған емеспін.Белімнен асып қалды.Көз тимесін.шашқа көз тиген ең жаманы екен.
+1 дауыс
Қыздың көркі шаш демекші атам қазақ. Қыздардың шашы ұзын болғаны кімге болсын ұнайды. Және мағанда ұнайды. Шашы ұзын қыздарға шашын жайсада, түйседе бәрі жарасады. Сондықтан қыздар шаштың қадірін біліңіздер. Қазір шет елде шашының жартысы жоқ тақырбас қыздар кездесіп жатады. Өздеріне тақырбастық түк жараспайды және бұл өте ұят. Сондықтан қыздар шашты аялаңдар, қадірін біліңдер.

Ұқсас сұрақтар

127,779 сұрақ
322,356 жауап
153,150 пікір
72,816 қолданушы