Өте орынды сұрақ. Ия qiwi әмиянын орыстар жасап жатқандықтан сіздің сұрағыңызға қазақша орыстар жауап бермесі анық. Сонда да мен қолданып жүргеннен кейін тиімді жақтарын айта кетсем қарсы болмассыз. Тиімді жағы тіркелу кезінде өзіңіздің ұялы телефонды қолданасыз, ол өте тиімді. Яғни ұялы телефоныңыз сіздің логиніңіз болып саналады.
Мысалы: Мен айлық алғанда әмияныма 5 мың теңге көлемінде саламын. Әрине ең тиімді ақша аудару ол qiwi терминалы арқылы. Қазіргі таңда барлық, сауда орындары, дүкендерінде толып тұрған терминалдар. Сондағы есеп шотқа ақша аударғанда 5 мың теңгеге 20 теңге көлемінде ұстап қалады. Есеп шотыңызға 4980 теңге келіп түседі. Сосын сіз қалаған ұялы телефон операторы, тіпті Қазақтелекомдағы шотыңызға ақша аударып отыра бересіз. Тиімді жағы қалаған жерге КИВИ-дан ақша аударғанда 1 тиын да ұсталмай түсіп тұрады.
Енді ойлай беріңіз. Сіз шотыңызға 1000 салдыңыз. Оған 980 теңге болып түседі. Сосын 200 теңгеден тастап тұрыңыз. Тиынына дейін қалмай түседі. Сонда сіз қаншама теңгені үнемдейтініңізді ойлай беріңіз. Интернет болса түннің бір уағы болса да өзіңізге баланс салып беймарал отыра бересіз. Хостинг т.б. барлығын осы КИВИ-арқылы төлей беруге болады.
Қазір мен қалай ақша аударуға болатын бейнені астына тастармын Ал Терминалдан ақша аударып болған соң қалай жеке есеп шотпен жұмыс істеу туралы үйге кешкісін барған соң бейнебаян түсініп мәтінді өңдеп қоятын боламын.
https://surak.baribar.kz/80734/ осыда жазылған