Шымкент қаласынан қандай университеттер ұсына аласыздар?

0 дауыс
1.8k қаралым
Орыс тілін алып тастағанда 45.  Оқуға түсе алмай ма? Жекеменшік универлерге түсіруге болатын шығар. Болатын болса Шымкент қаласынан қандай университеттер ұсына аласыздар?
Университет, колледж Белгісіз

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Былтыр біраз ҰБТдан құлағандар Мәскеу қаласына(яғни шетелдік ЖОО) түсіп, Мирас, ШӘПУ сияқты универлерге ауысқан болатын(әрине ақшасын берсең өздері-ақ жасайды). Бірақ біраз адамдардың сорына орай шетелдік ЖОО-нан отандық ЖОО-на ауысу үшін ҰБТ тапсыру керек деген заң қабылданды биыл. Және ескере кететін жайт биыл 36 талапқа сай емес ЖОО жабылады(бірінші кезекте жеке меншік ЖООдары). Сізге колледжге түсіп, ары қарай кешенді тест тапсыруға немесе келесі жылы бақ сынауға тура келеді. Дегенмен де амалын тапқан пысықтар бар шығар іздеп көріңіз. Бірақ білімнің ақшаға сатылып, бизнеске айналғаны өкінішті-ақ. Бұның салдарынан біліксіз маман шығады. Ал ондай адам өмір бойы пара беріп жұмыс жасауға тура келеді. Бұндай адамдармен еліміз қалай алға жылжымақ. Қазіргі білім саласындағы реформалар қуантарлық. Ең бастысы қалай да маман болу емес, елге қызмет етер адам болу ғой.
+2 дауыс
Оқуға түсе алады.шымкентті қайдам, Ақтөбедегі Байшевте оқи алады.Қызылордада бар оқу орындар алатын.
127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы