Агенттің пайдасы көп тиіп жатыр. Танысамыз, араласамыз, достар табамыз. Агентпен өз бақытын тапқан жандар қаншама! Бірақ агенттің зияны шаш етектен. Кешке дейін агентте отырған жастарымыздың жанарын монитор жейді десек, пернетақта одан әрі қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етіп, нәтижесінде жүйке ауруына әкеледі. Ал сабақ үстінде агентке кіру оқушының білім алуға деген ынтасын тежейді. Тағы бір зияны агентте адамдардың орысша сөйлесуі, немесе қазақ тіліндегі орфаграфиялық заңдылықтарды сақтамауы (мысалы; «Нестеватсын», «ғо») қазақ тілінің дамуына кедергі жасайды.