+1 дауыс
3.4k көрілді
Бал ара осiру керек деп едi кокем бiр базардан жалган асел акелiп алданып калган кунi. Онын, да арнайы курал саймандары болса керек. Омарташылар деп есiтiгем бал арасын осiретiндердi. Бал арасын калай осiредi? Араны кайдан алады? Сосын шамамен канша акша кетедi оган?
Екеуiн,iзге де рахмет малiметтер ушiн.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сатып алу бағасы басқа шығындарын есептемегенде 500 теңге болатын балды әр ұядан 35 келіден жинағанда, 100 ұядан үш жарым тонна өнім алып, жаздың төрт- бес айында ғана кемі екі миллион теңгеге жуық таза пайда табасыз. Бұл ең төменгі бағамен есептегенде.

Ал бір омарташы егер ол нағыз бесаспап маман болса, жүзден артық ұя ұстауға шамасы еркін жетеді. Бірер жылдық тәжірибеден соң омартаны оңай ұстауға болады. Жалқау болмасаңыз мал бағып, өсіруге де уақытыңыз молынан жетеді. Омарташылық – маусымдық жұмыс болғандықтан жылдың төрт-бес айынан басқа уақытта боссыз деуге болады. Ара ұстауға аса көп шығын да кетпейді. Экология үшін пайдасынан басқа зияны жоқ.

Арнайы жер алуды да талап етпейді. Санай берсек, басқа да артықшылықтары жетерлік. Бір сөзбен айтқанда, омарташылық – аз шығынмен мол табыс табуға болатын аса пайдалы кәсіп.

Бұл – осы салада соңғы отыз жылдан бері омарта шаруашылығымен тұрақты айналысып келе жатқан, оған қоса он жылдан бері ара өнімдерін өңдеп, арнайы ыдысқа құйып, Алтай балын еліміздің түкпір-түкпірінен бастап, алыс-жақын шетелдерге кеңінен саудалап, әрі насихаттап жүрген байырғы кәсіпқой маман, Ресей ауыл шаруашылығы академиясы омарта шаруашылығы бөлімінің түлегі, Өскемендегі «Айтас» атты фирманың бас технологы Игорь Рукавицынның пікірі.

– Омарта шаруашылығы ең алдымен жаңа жұмыс орындары екендігін ескерген жөн, – дейді Игорь Рукавицын. Онымен тіпті зейнеткерлер де емін-еркін шұғылдана алады. Ал ара өсірудің пайдасын көріп, балдың дәмін татқандар қайтып одан айрылмақ емес. Сонымен қатар омарта шаруа-шылығының егін мен бау-бақша үшін де тигізетін пайдасы тағы бар. Себебі, ара ең алдымен өсімдіктерді тозаңдандырушы, әртүрлі өсімдік ауруларының емшісі. Жақын маңда омартасы бар шаруашылықтарда егін мен бақшадан басқалардан гөрі артық өнім алынатындығы, шабындықтағы шөптің бітік шығатындығы да ғылымда дәлелденген.

Субсидияның арқасында алға басты

Екі жүз жылға жуық тарихы бар, атағы алысқа кеткен Алтай балын өндіру, омарта шаруашылығын дамыту кеңес өкіметі кезінде жақсы жолға қойылғанымен, тоқсаныншы жылдардың басынан бастап басқа барлық салалар сияқты омартаға да тықыр таянып, ақыры ешкімге керек болмағандықтан тоз -тозы шығып, тоқырап тынды. Ара өсіру, бал өндіру тек жеке адамдардың ісі болып қалды. Жастар жаппай қалаға ағылғандықтан мамандар да қартайып, олардың орнын басатын адамдар қалмайтындай деңгейге дейін құлдырап, сала бүтіндей ұмыт қалған еді.

Енді міне, сол табысты сала қайтадан көтеріле бастады. Оған ең бірінші кезекте мемлекет тарапынан омарташыларға көрсетіле бастаған көмек, төлене бастаған субсидияның орны бөлек болып отыр. Әсіресе, облысқа Бердібек САПАРБАЕВ басшы болып келгеннен кейін қолға алынған кешенді шаралар нәтижесін көрсете бастады. Омарта шаруашылығымен айналысатын аудандарда ара ұстаушылар қатары анағұрлым артып келеді. Әсіресе, Катонқарағай, Зырян Глубокое, Бородулиха, Шемонайха сияқты омарта шаруашылығымен дәстүрлі айналысатын аудандарда ілгерілеушілік үлкен. Соның нәтижесінде қазір облысымызда асыл тұқымды ара өсіретін 31 омарта шаруашылығы құрылып отыр. Жалпы ара өсірумен қазір облыста мыңнан аса адам айналысады. Омарта шаруашылықтарына берілетін субсидияның көмегі үлкен. Мәселен, 2010 жылы асыл тұқымды ара өсіруші шаруашылықтарға ғана төрт миллион теңге субсидия беріліпті. Ал 2011 жылы облыстық бюджеттен 24 миллион екі жүз мың теңге жұмсалған. Ал 2012 жылы тағы отыз миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Соның нәтижесінде 2010 - 2011 жылдарда облыс шаруашылықтарында ара ұяларының саны 40300-ден 50700-ге дейін жетті. Сонымен бірге бал өндіру де 700 тоннадан 1000 тоннаға дейін, яғни 40 пайызға жуық артыпты.

Бір асыл тұқымды ара ұясын ұстауға шамамен алты мың теңгеге жуық қаржы субсидия берілуі омарташылар үшін аса қомақты көмек, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Сағидолла Сейілханов.

Облысымызда жыл сайын халықаралық «Алтай балы» фестивалін өткізу, түрлі кездесулер, кеңестер мен семинарлар ұйымдастыру, кәсіпкерлер мен ғалымдар арасында ынтымақтастық туралы келісімшарт-тар, меморандумдар жасау кең таралып келеді. Қазақстандық омарташылар халықаралық «Алимондия» ұйымына, «Омарташылардың еуразиялық клубы» қауымдас-тығына мүше болды. Облыс-тық, аудандық омарташылар қауымдастықтары жұмыс істеуде.
Омарта шаруашылығын қайта дамытуға Шығыс Қазақ-стан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында ашылған омарта шаруа-шылығы бөлімінің жұмысын ширатуы да әсер етуде. Қазір бөлім шын мәнісінде омарта шаруашылығын дамыту орталығына айнала бастады деуге болады. Онда, әсіресе, саланы насихаттау мен мамандарды оқытып-үйретуге ерекше мән беріліп отыр.

Қазақ ара өсіре ала ма?

Дегенмен, табысы көп, пайдасы мол саланың әлі де сан алуан мәселелері толық шешілді деуге ертерек. Әсіресе, нарық заманы тудырған бәсекелестікке орай салада қолданылатын технологияны үнемі жаңартып отырған жөн, дейді мамандар. Облысымызға еліміздің оңтүстік өңірлерінен бағасы арзан, алайда сапасы күмәнді бал өнімдерінің көбірек енуі облыс омарташыларына үлкен сын. Оның үстіне араның Алтай табиғатына бейімделмеген тұқымдарының әкелінуі жергілікті асыл тұқымды ара өсіретін шаруашылықтарға аса зор зиянын тигізуі мүмкін.

Саланың тағы бір өзекті мәселесі өнімді өңдеу болып қалып отыр. Балды өңдеп, ара өнімдерінің басқа да түрлерін шығарып жатқан шағын кәсіпорындар қатары артып келе жатқанымен олар әлі жеткіліксіз. Бал көбіне шикізат ретінде ғана шетке кетіп жатыр, немесе базарлар мен дүкендерде кәдімгі банкілерге құйылып саудалануда. Ал өркениетті елдердегідей деңгейге жеткізу үшін әлі талай уақыт керек сияқты. Көршілес Қырғызстанда бая-ғыдан бері балды экспортқа шығарып, әлемге таратып жатқанда, даңқы зор Алтай балын толық таныта алмай жатқанымыз өкінішті. Табиғаты аса бай өлкеміздің
тағы бір әлеуетін толық пайдалана алмай отырғанымыздың басқа да себептері бар.

– Өмір бойы омарта ұстап келе жатқан ұлты орыс бір танысым анау жолы «Қазақ-тар ара ұстай алмайды.
Олары бос әурешілік» дегенді айтты. Неге десем, біздің туыс-туғандарымыз көп, біресе тойға, біресе өлім-жітімге деп, одан қалса демалысқа кеттім деп жүре береді екенбіз. Ондай адам омартаны қалай ұстайды. «Ара қой емес, баға тұр деп көршіге қосып кететін» дейді ол миығынан күліп.

Мүмкін, оның сөзінде шындық бар ма, кім білсін. Бұл да ойлануды қажет етеді.
+2 дауыс
Менің әкем ара асырайды.Бал ара өсіру оңай жқмыс емес.30 жыл стажы бар әкем де кейде қыйналады.Өте шыдамдылықты қажет ететін жұмыс.Бірақ пайдасы мол.Бал арасын қалай өсірем десеңіз оны арнайы оқытатын жерлер бар,содан оқыған жөн.Қайдан сатып алам десеңіз,сізді білмеймін біз Өскемен қаласынан пакетпен сатып аламыз.1 пакеті 13-15 мың тенге.Қанша ақша кетеді десеңіз есептей беріңіз,қанша пакет аласыз,соған байланысты төлейсіз.
...