Иа, ондай әдісті маған бір жұмыс беруші қолданып көрген. Психолог кісі маған таза А4 қағазға оң жағынан жоғарғы жағынан бастап төртбұрыш, үшбұрыш және шеңбер салуды ұсынды. Мен алдымен қағаздың оң жақ жоғарғы бөлігіне шеңбер сыздым, одан кейін сол жағына төртбұрыш және төменгі оң жақ бөлігіне үшбұрыш салдым. Содан кейін жұмысқа қабылдаушы психолог менің салған сызбаны қарап, менің алдымен аралас-құраластыққа ( общительность) мән беретінімді , содан кейін тәртіптілікке(дисциплинаға) қарайтынымды,е ал ең соңынан карьераға мән беретінімді айтты. Өзім сол сөзді естіп таң тамаша болғаным бар.