+3 дауыс
990 көрілді
Отау тігу жайлы қанша жастан бастап ойлану керек?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ата-бабаларымыз 13-жаста отау иесі дегенді бостан-босқа айтпаған. Бұл бала 13-ке келсе бас салып үйлендір деген сөз емес, ұл бала 13 жасында ақыл тоқтатып,жан-жағын бағдарлап,бағалай алатын дәрежеге жетеді деген сөз. Бала сол жасынан ойланып-толғанып бір шешім ұштығын ұстағанша жасы да 18-20 жасқа келіп қалады дегенді білдіреді. Ал енді осы жерде кейбіреулер айтқандай 21-23 жаста ойлануды бастаған жігіттер тезірек үй болуға үлгеру үшін асығыс шешім қабылдап қателесуі,немесе ойланамын деп жүріп 30-ға келіп қалып кешігуі  мүмкін. Міне біздің дана бабаларымыз осыны бір-ақ ауыз сөзбен ұғындырған, сондықтан 13-жастан асқан ұл бала да,оның туыстары да осы уақыттан бастап ойлана берген дұрыс болар. Ал енді сөз мәнін түсінбейтіндер,немесе қасақана түсінгісі келмейтіндер ол сөзден үрке қашып жүр, бұл үлкен қателіктің өзі.

+3 дауыс
Уйлену онай, уй болу киын дейді ата-бабамыз.

Менің ойымша отау тігуді ойласаныз сіз алдымен барлық шаруаңызды бітіріп, алдағы уақытта бар күш жігеріңіз бен уақытыңызды сол отаудың керегесін берік, шаңырағын биік ұстаумен айналысуға арнауыңыз керек деп ойлаймын.Және де алдағы болатын қиындықтарға дайын болуыңыз керек, өмір өзі ақ пен қара, бақ пен нала деген, әсіресе отбасылық өмір...

Демек, сіз ең кемінде:

Оқуыңызды аяқтауыңыз керек, ал ол шамамен  21-22 жас)

Ер азаматтар үшін міндетті турде: Тұрақты жұмыс орныңыз болуы керек, ол дегеніміз, ата-анаңыздан материялдық тұрғыдан дербес турде әрекет ете алу!

Ең басты айтарым ең алдымен отау құрыңыз, ал сосын барып бала-шаға сүйіңіздер керісінше емес!
+2 дауыс
20 жастан кейін ойлана бастаңыз. Бірақ көп ойланам деп ешігіп қалмаңыз, 23 жасқа дейін үйленіп болсаңыз кешікпейсіз)))
+2 дауыс
Қайталанған сұрақ. 20 жастан кейін ақыл тоқтатқан, өмірдің ащы-тұщысын тата білген адам үйленуге болады. Үйленген соң үй болып кету өте қиын. Сондықтан үйленер алдындада ойланып алған жөн. Себебі ертеңгі күні басыңызға бақыттың қонуы екіталай.
+1 дауыс
"Жігіттер 19-21 қыздар 18-20"Қазіргі таңда ерте үйленген(әрине махаббатпен )дұрыстау сияқты неге өйткені ерте нәпсінді ерте жеңе отырып сен көп нәрсені алдын алуды біліп көп шыңдарды бағындыратын бақытты отбасылардан боласың
+1 дауыс
20-23 жас аралығында ойланып өзіне лайықты жарын тауып 24-25 жасында үйленіп алу керек.
...