осындай сияқты қандай сөздерді білесіздер? (ішінде)

0 дауыс
869 қаралым
-        Тургенев былай деген екен, - деді әдебиет зерттеуші, - «Емен - ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде - бұтақтарында жаңа, жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды - өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады».
Қазақ тілі

7 жауап

+3 дауыс
Сұлулық-әйелдің бақыты,бағалай білмесе соры.

Мақал
Махаббатты ләззат деп қана түсінген пендеқайғы-қасірет,зар мен сор ғана әкеледі.

В:А:Сухомлинский
Адамшылықтың алды-махаббат,ғаделет сезім.

АБАЙ
 Күз сыры

 Шұбар аспан, нәзік нұр жалтылдайды,
 Қатырмайды, жылыға батырмайды.
 Бұтақтарды тербеткен салқын самал,
 Сары шашын ағаштың тақырлайды.

 Күміс өзен сарғайып сарқылдайды,
 Қара қаздар көшетін қарқылдайды.
 Арнасына көнбеген суық толқын,
 Шетіндегі тасқа кеп жалпылдайды.

 Жалпылдайды, жігер от лапылдайды,
 Көкжиектен алтын ай жақындайды.
 Шабытыма бекерден мұң кигізіп,
 Күздің түні сағыныш шақырмайды.

 Сағынышты сарын жел сапырмайды
 Біздің сайран салған таң атылмайды.
 Ескек тартқан кешегі көл бетінде,
 Нұрға бояп, дірілдеп жатыр қайғы.

Қайсар Ертай
Сұлуға мен сұлу демеймін, сұлу менікі болмаған соң.........

Қабыл
Әйелдің басты қаруы - көз жасы.

Ғабит Мүсірепов
Қимасыңды қиғаның,
 Сүюің мен сыилауың.

Халық даналығы
Суйген адам ешкашанда ессіз болмас

Ергали
Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе - жеңеді.

Ғабит Мүсірепов
Махаббат – зор саналылықтың, білгір – білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым

Оралхан Бөкей
Сүюдің сырын көзден көрме, Көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, Ашып қара көңілін күймесін


БАЛАСАҒҰН
Абайдың сөздерін жаттауға тұрарлық екен...
+2 дауыс
Өмірге келу өлімге қойылған алғашқы қадам
                                                                        (Гете.)
+2 дауыс
Махаббат не?
Махаббат - бiр тiкенек,
Журекке барып кадалар.
Бакытсыз гой бул журек,
Тамшылап одан кан агар.

Тез жазылмак бул жара,
Бал тiлiмен суйсе жар.
Суймесе журек, дарига,
Олер журек, кансырар.

Махаббат - бiр таттi у,
Iшер журек, болар мас.
Дуниедегi у мен шу
Мас журектi оятпас.

Махаббат - бiр таттi у,
Iшер журек, тогер жас!
+1 дауыс
Нағыз махаббат елес сияқты. Ол туралы естігендер көп, ал көргендер аз. (авторы есімде жоқ)
+1 дауыс
Мінез-құлық- әркім өзінің кейпін көрсететін айна.(И.Гете)
Өзгермейтін,түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету тіпті бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты. (М.Теплов)
+2 дауыс
Ағай сіздің жазғаныңыз "Махаббат қызық мол жылдар" романынан.Осындай ұлағатты сөздерді өзім кішкене кітапшама жазып жүремін.Менде олар көп.Өзіме ұнайтынын жазайын:
1.Әр нәрсенің жақсы жағын көріңіз.
2.Тірі адамның бар бақыты,бар қызығы жер бетінде.Оған көкке ұмтылудың қажеті жоқ.Сол себепті бар терді төгіп,барша ой мен ақылды жұмсап,жер бетінде тұрған үйіңді жұмақ ете біл
3.Кемшілігіңді өзгеден бұрын өзің көр.Көріп қана қоймай,түзетуге тырыс.
4.Досыңа сенбе,досыңның да досы бар
5.Адам өз өмірінің суретшісі.Ол өмірді сырлап,бояуға,оған ажар,түр беруге,оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.
6.Түсунідің өзі де-адамның үлкен еңбегі
                                                  Б.Момышұлы
7.Ұлт болам десең,бесігіңді түзе
                                                  М.Әуезов
8. Жақсылық көрсем өзімнен,
     Жамандық көрсем өзімнен
     Біреу қылды дегенді,
     Шығарамын сөзімнен
                                                   С.Торайғыров
9.Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді
                                                   Ғ.Мұстафин
10.Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап,
     Қор қылады қулығын ішке сақтап
    Өзіңе сен,өзіңді алып шығар
    Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
                                                  А.Құнанбаев
+1 дауыс
1. Бауыржан Момышұлы:
Отан үшін отқа түс күймейсін.

2. Әл-Фараби:
Бауырым қанша сүйгенмен.
Өтеді өмір күйбенмен.
Шындыққа бас тік алаулап.
Пенделіктен бол аулақ.

3. Адамның басшысы - ақыл
    Жетекшісі - талап
    Жолаушысы - ой
    Жолдасы - кәсіп
    Қорғаны - сабыр
    Қорғаушысы - мінез
    Сынаушысы - халық (Саққұлақ би)

4. Дүниеде нені арман етсең де іздемей қолына түспейді. Керегінді іздеу жолында жалықпа да, торықпа. Жаман киімді кісінің бәрі жаман емес. Алтын тас арасында да жатады. "Ерді кебенек ішінде таны" деген сөз бар.

5. Жақсы адамның өз мойнына алған борышы темір шынжырдан да, аттың кісенінен де мықты.

6. Дүниедегі ащы не - Тіл. Дүниедегі тәтті не - Тіл.

7. Өнерден жақсы нәрсе, білімнен - үлкен, ұяттан - сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ.

8. Кім өзін жұрттан артық санас сол - ақымақ.

9. Өш алғаннан гөрі кешірген жақсы.

10. Байлық - нағыз дұшпан.

11. Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы