Уагалейкумассалам уа рахматуллахи уа баракатух бауырым)
Жаңалықтарды қарап отырсаң ҰБТ-дан көбі аз баллдар алып жатыр ол дегеніміз осы жылғы грантқа түсуге қажетті деген баллдар төмен болады деген сөз. Сіз асыкпай күтіп, тамызда калаған 5 ЖОО-на (соның ішінде мед. университетке) тапсырып көріңіз. Егер Аллах бұйырып, грантка туссеңіз тегін оқисыз + степендия аласыз)
Жаман айтпай жаксы жок, егер іліне алмай қалсаңыз ақылы түрде оқыңыз Жоғарғы Оқу Орнын!!!
Себебі колледжге түсу сіз үшін тиімсіз, құрдастарыңыз ЖОО-нын бітіріп жатқанда сіз енді колледж бітіресіз. ал жақсы жұмыс және жақсы жалақы алу үшін сіз жоғары білімді маман болуыңыз керек (әсіресе медицина саласында)!
ал қаражат жағына келсек, шығын шықпай кіріс жоқ дейді, кейін анда мында жүгіріп, "ағалар мен көкелер" іздеп шығындалғанша сіз одан да қазір қалтаңызды шығындаңыз. Кейін сізді медицина саласындағы мамандар өздері ақ шақыратын болады! Алла разы болсын)