Қөз былшықтану көздің шырышты қабаты қабынғанда болады. Бұны медицинада коньюктивит дейді ,және себептері әр түрлі болады. Көздің шырышты қабатына ауру тудырғыш бактериялар түссе бактериалды, вирус түссе вирусты ,аллергендер түссе аллергиялық ,улы химиялық заттар түссе токсикалық болып бөлінеді. Осылардың ішінде аса қауіптісі көздің трахомасы (қоздырғышы хламидия микробы) дұрыс емделмесе адамды зағип етеді.Егер көз былшықтанып жатса, көз дәрігеріне барып,және көз дәрігері тағайындаған тамшыларды пайдаланған дұрыс деп ойлаймын.Сенің көзіңнің былшықтанғаны мүмкін сол кезде өзіңе дәрумендер жетіспей иммунитет төмендеген шығар. Және көз былшықтанбас үшін ұйықтар алдында көзді жылы көк шаймен жуған дұрыс ,сонда таңертең кірпіктерің жабыспай көзің оңай ашылатын болады.