Мен бір нәрсе жалт қарап қалған кезімде көзімнің алдында жүзіп жүретін қара дақтар пайда болады. Көзімді жоғары қаратсам жоғары көтеріледі, төмен қарасам төмен түседі. Сосын көзім қызарып тамырланып кетті. Сізде де сондай болама? Оны қалай кетіруге болады? Жаттығу арқылы кетіруге болама?
Ондай жағдай жиі байқалатын құбылыс. Егер сізге ондайлар әр кезде , сирек байқалатын болса , онда еш уайымдайтын түгі жоқ. Эмоксипин көз тамшысын 1тамшыдан 3 рет 20 күн тамызу жеткілікті.Егер де жүзіп жүрген дақтар сізге кедергі келтіріп, көз көруіңізді төмендететін болса , онда міндетті түрде окулист дәрігеріне көріну қажет. Ол деген шыны тәрізді дененің (стекловидное тело) бұзылысын (деструкция) көрсетеді.