+1 дауыс
657 көрілді
Мен 2009 жылы ипотекаға пәтер сатып алған едім. Қазір қарызды қайтара алмай отырмын. Менеджерлер менің пәтерім алынып, несиені жабу үшін сатылады деді. Кеше  менің жағдайыма ұқсас  мәселелерде 12 айға дейін пәтерді тартып алмауға көмектесетіндігі туралы бір фирманың хабарландыруын көріп қалдым. Бұл маған көмектесе ма, жоқ әлде алаяқтардың ісі ма?

1 жауап

+1 дауыс
Мұндай мәселе Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар. Клиенттер түрлі мәселелермен несиесін төлей алмайды. Көптеген жағдайларда қаржы нарығындағы делдалдық қызмет –алаяқтардың ісі. Адамдар несие рәсімдеу кезінде,  несиесін қайтара алмайтын қиын жағдайларда, несие алып беруге немесе мүлдем қайтармауына көмектесетінін айтып, «қызмет» ұсынады.
Егер несие алушыда төлем жасау жағынан қиындықтар туындаса клиенттер делдалдармен емес, банктермен  хабарласқаны жөн. Несиені қайта құрылымдауды көптеген банктер ұсына алады. Бастысы өз банкіңізге жағдайды түсіндірген дұрыс.
Әрбір банк проблемасы бар клиенттерді әртүрлі категорияға бөледі. Оьтективті жағдайлармен төлей алмайтындар, жағдайды пайдаланып қалғысы келетіндер бар. Және несиені алған кезде қайтармауды ойлайтындар да бар. Барлық жағдайды банктер әртүрлі жолдармен шешуге тырысады.
Банктер клиенттерге сеніп  олардың армандарын-көлік сатып алу, машина алуды жүзеге асыруға көмсектеседі. Клиенттер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда да, банк  ең бірінші кепілдікті тартып алуды  ойламайды. Банк өз ақшасын қайтару мүмкіндігін қарастырады. Сондықтан, барлық жағдайда несие алған банкпен шешкен дұрыс.
...