Біздің ата-бабаларымыз сағаты жоқ,техникасы дамымаған,мүлдем қазіргі өркениеттің иісі болмаған уақытта да барлық істерін өз уақытында атқарған. Өмір сүру қалыбынан ауытқыған емес. Олар казіргідей мектеп,ЖОО дарынан білім алу мүмкіндіктері болмаса да, сол заман үшін ең жоғарғы оқу орны дала академиясы үлкен көмегін тигізген деп ойлаймын.Сол даладағы шегірткенің шырылы,құстың сайрауы,жұлдыздың жарығы,айдың тууы,қорадағы малдардың дыбыстауы бәрі-бәрінің уақытты білдіретін қасиеттері болған,ал олар болса соның бәрін көңілдеріне жақсы тоқыған.Ал ауыз ашардың уақытын ажырату солардың ең оңайы болған болар деймін.Ол үшін олар кәдігімгі кәдігімгі қолдан иірілген шуда жіптің ақ және қара түсін алп,шиырып соның бір тұтамын кешке далаға алып шығып қараған.Соның қайсысы ақ,қайсысы қара екенін айыра алмаған кезде ауыз ашар уақыты болды деп шешілген.Сағаттың түкке де керек емес екенін байқаған боларсыңдар.