+1 дауыс
8.6k көрілді
Осыдан бiраз жыл бурын коршi ауылда бiр агай кайтыс болды. Кутырып кетiптi дейдi. Отбасын 1 айдан астам уакыт больницага жаткызып койды. Менiмен жасты кызы бар едi, кейiн мектепке келгенде кобiсi одан алыс журдi, жугып кетедi деп. Кутырган ит тiстеп алса бiрден калай емдесе болады? Ол жукпалы ма сосын?
Барлык жауаптар ушiн улкен рахмет

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Құтыру - аса қауіпті жұқпалы ауру

Құтыру нерв жүйесін зақымдау арқылы, соңы өлімге алып келетін аса қауіпті жұқпалы ауру болып табылады.

Адамдар арасында құтыруды тасымалдайтын бұлар жабайы және үй жануарлары. Баспанасы жоқ иттер мен мысықтар және жабайы жануарлар аса қауіпті жағдай туғызады. Құтыру вирусі науқас жануардың сілекейімен көп бөлінеді. Сол себепті, аталған ауруды жануардың тістеуінен, оның сілекейінің дененің зақымдалған жеріне түсіп кету салдарынан жұқтырып алу мүмкін.

Жануарлардағы құтырудың белгілері: сілекейдің бөлінуі, құтыру белгілерінің болуы, кейде керісінше жануар бір қалыпты болып, қолға тез икемделгіш болып келеді.

Адамдағы құтыру ауруының басталуының ең алғашқы белгілерінің бірі болып, жануар тістеген жер ауырады, қызарып онда ісіну байқалады. Науқас өзін нашар сезініп, басы ауырады, ұйқысы нашарлайды, өлімнен, судан қорқады, жүрек тұсында қысылу белгілері пайда болады. Ауру ашуланшақ бола бастайды, айқайлап, өкіне береді, жанында тұрған нәрсені ұрып, оны тістеп, оған түкіруі мүмкін.

Жануарлардың тістеуінен зардап шеккен тұлғаларға құтыруға қарсы антирабикалық екпе курстары (сызба бойынша КОКАВ екпесімен шартсыз және шартты курстары және көрсеткіштері бойынша антирабикалық иммуноглобулин) тағайындалады.

ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәліметі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрғындар арасындағы құтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай қарқынды күйде қалып отыр. 2006 жыл мен 2010 жылдың аралығында құтырудың 30 оқиғасы тіркелді, жалпы республика бойынша бұл көрсеткіш 77% құрады. Құтырумен ауыратын науқастардың басым көпшілігі Шымкент (8 оқиға), Сарыағаш (6 оқиға), Ордабасы (4 оқиға), Мақтаарал (3 оқиға), Отырар (2 оқиға), Шардара (2 оқиға), Түлкібас (1 оқиға) Төле би аудандарында (1 оқиға) тіркелді.

Мәселен, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласында құтыру оқиғасы тіркелді. Зардап шеккен азаматша 1960 жылы туылған, 25.02.2011 жылы оң көзі аймағын белгісіз ит тістеп алған, алайда зардап шегуші антирабикалық көмек алудан бас тартқан. Ағымдағы жылдың наурыз айында (13.03.2011 ж.) ауырған науқас, 16.03.2011 жылы медициналық көмекке жүгінген. 17.03.2011 жылы науқастың жағдайы нашарлаған, тынышсыздық, жарықтан қорқу, аэрофобия, гидрофобия белгілері пайда болып Шымкент қаласындағы Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. 25.03.2011 жылы жүргізілген емдеулерге қарамастан науқас қайтыс болды. Сонымен қатар науқасқа соңғы «Құтыру» деген диагноз қойылған.

28.03.2011 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол кентінде 2 тұрғынға қасқыр шабуылдаған:

- Зардап шегуші Б.Т. 1975 жылы туылған, диагнозы: тістелген еріннің, иегінің, оң жақ иығының тыртығы,

- Зардап шегуші Б.М. 1964 жылы туылған диагнозы: оң жақ қолының бір саусағының тістелген тыртығы.

Тістелгендер Батыс Қазақстан облысы Чапаев аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылған. Онда оларға антирабикалық көмектің толық курсы тағайындалды. Зардап шегушілер 30.03.2011 жылы «0» күнге КОКАВ екпесін алды. Сонымен қатар, қасқырды өлтіруге ат салысқан 1961 ж.т. У.К. хирург тарапынан тексеруден өтті, қолында ешқандай тыртық, жара анықталмады, антирабикалық көмектен жазбаша түрде бас тартқан, бұл бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қ. Алатау ауданында 2010 жылы жануарлардың тістеуінен 561 адам зардап шеккен, олардың 45% 14 жасқа дейінгі балалар құраса, 55% ересектер құрайды. Шартсыз курсы бойынша екпенің толық курсын 253 адам алды, ал шартты түрімен 170 адам алды, алайда зардап шегушілер құтыруға қарсы екпенің алуға уақытысында келмейді. Сол себепті тиісті екпенің курстарын алмайды, бұның салдары аурудың дамуына және өлімге әкелуіне себепші болуы мүмкін.

Құтыруды алдын алу мақсатында Алатау ауданында 2010 жылы қадағалаусыз жануарларды аулау бойынша ЖК «Ветеринарная» мекемесі келесі жұмыстар атқарды: 4606 ит, 4 мысық ауланды, 591 ит пен 17 мысықтың мәйіттері алынды, 5194 иттің, 21 мысықтың көзі жойылды. Белгілі иттерді ұстау мен оларды серуендетуді бұзғандар бойынша 4 іс АІІБ берілді.

Құрметті қала тұрғындары, егер сіздерді жануарлар тарапынан тістеген болса, онда Алматы қаласындағы ОҚКА, №5ҚКА, ересектерге арналған №7 ҚКА, №4 ҚКА ЖӘНЕ №1 ҚКБА аумақтық жарақаттану пунктілеріне медициналық көмек алуларыңыз қажет, аталған мекемелерде бірінші медициналық көмекті тегін алуға және құтыруға қарсы екпе ектіруге болады.

Антирабикалық екпелер құтыруды алдын алуға болатын дара құралдардың бірі болып табылады. Егер жануарлар тарапынан тістелген науқасқа уақытысында антирабикалық көмек көрсетілмесе, онда оған одан әрі көмек көрсете алмайды.

Егер жануар сізге таныс болса, онда оның иесінің аты-жөнін, мекен-жайын біліп 10 күн ішінде жануарға бақылау жүргізу үшін мал дәрігеріне бару керек.

Құтыруды алдын алу мақсатында жануар иелері қарамағындағы жануалардың ұсталуына басты назар аударуы қажет, жануарларды тіркеуден өткізіп, уақытысында екпе егу қажет.

Өз еркімен емдеу курсын тоқтатқан тұлғаларға дәрігерге мәжбүрлп келтіру сияқты тиісті шаралар қолданылады.

Назар аударыңыз!!! Зардап шеккен барлық тұлғалар жануар тістеген жағдайда дәрігерге бару керек пе, әлде жоқпа дегеннен бұрын өз денсаулығыңызды ойлауыңызды, дәрігер тағайындаған құтыруға қарсы екпені үзбей толық қабылдауыңызды сұраймыз. Екпенің тегін екенін ескертеміз!!!
-депті, ақ халатты абзал жандар! Ұмытпау керек!
Белгісіз
Негізі сіздің мына жазбанда көбісі керек емес. нақты жауап емес. Нақтысы құрыту аса қауіпті жұқпалы ауру түріне жатады. Емі ит тістегеннен кейін 2 сағаттың ішінде көмек көрсетпесе ( алғашқы вакцина алмаса) болашағына қауіпті.
+1 дауыс
Құтырған болсын құтырмаған болсын ит, мысық тағы басқа жануарлар тістеген жақтайда дереу жедел жәрддем шақырып, болмаса емханаға бару керек. Ол жақта бірінші құтыруға қарсы вакцина салады, ит ауру болсын болмасын оны міндетті түрде салдыру қажет (егер аллергиясы болмаса, әйтпесе ондай да жағдай болған, ит қапқан, оған медиктер ереу құтыруға қарсы вакцинаны салған, ал ол балада вакцинаға аллергиясы болған да бала бірден шетінеп кетті..) Тісі тереңге барға жоқ, ештене етпес өзі жазылады деуге болмайды ешқашан, как можно тезірек медпункке апару қажет, одан басөа үй жағдайында ешқандай емі жоқ. Уақытты создырмау керек сосын
+2 дауыс
Құтырған ит қапса адамның өліп кетуіде,тірі қалуы да мүмкін.Адамды құтырған ит қапқанда егетін өзінің баксиналары болады.Дер кезінде ексе тірі қалады,ал кешіктіріп алса өлуі мүмкін.....
0 дауыс
Сəлеметсіздерме егер ит тістесе ауруханаға бармай ақ  тістеген жер жазылып кетсе не істеу керек?
...