0 дауыс
26.2k көрілді
Кiшi жеңгем көтерiп қойғанына 2 жарым ай болды. Бiрақ әлi жүрегi айни бередi екен. Қалай тамақ iшедi , сәлден соң құсып тастайды екен. Үлкен жеңгемде олай болмапты. Жүрек айнуға қарсы не iстесе болады? Iшкенiн керi қайтара берсе балаға зиян болмай ма?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жүктілік кезінде жиі орын алатын жайсыздықтар

Жоғарыда айтылғандай, жүктілік кезінде болатын  өз­герістер денені толғақ пен босануға дайындау үшін қажет. Өкінішке орай, сол өзгерістер кейбір жалпы жайсыз­дықтарды да туындатады. Бұлар едәуір ұнамсыз болға­ны­мен, қалыпты жағдай, сондықтан оларға көп алаң­да­мағаныңыз жөн.

Жүрек айну
Жүктіліктің басында күннің кез келген уақытында немесе тіпті күн ұзағына жүрегіңіз айнып, құсқыңыз келетін жағдайлар болуы мүмкін. Бұндай жағдай әйелдердің көбінде таңертең ғана болады. Бірақ ол күні бойына созылуы да мүмкін. Әдетте 3–4 айдың соңына қарай бұл тоқтайды.
Мұндай жайсыздық болғанда мынаны істегеніңіз жөн:
–  Таңертең төсектен тұрмас бұрын біраз құрғақ печенье не бір тілім нан, майсыз піскен күріш немесе ботқа жеңіз. Тамақ алдында сүтсіз сұйық шай, егер бар болса, жүрек айнуды баса­тын зімбір (имбирь) не дәмқабық (корица)
шайын да ішіңіз.
–  Молынан сирек тамақтанғанша, аз-аздан жиірек тамақ­тану тиімді. Майлы немесе қорытылуы ауыр тамақты жемегеніңіз дұрыс.
–    Лимон, мандарин не апельсин сорыңыз.
Ескерту: Егер ішкен тамағыңызды түгелдей құсып тас­тайтын болсаңыз немесе құса бергеннен жүдей бастасаңыз, дәрігерге қаралыңыз.

Асқазан қыжылы
Бұл – әдетте жүктіліктің соңғы кезеңінде болатын жайт. Тамағыңыз, асқазаныңыз қыжылдап, жайсыз сезінесіз.
Онда мынаны істеуіңізге болады:
–   Тамақтың бір түрін молынан жегенше, бірнеше түрін аз-аздан жеңіз.
–    Ащы немесе майлы тағамдардан бас тартыңыз.
–    Су немесе басқа газсыз, мөлдір сусындарды (мыс., сұйық шай) көбірек ішіңіз.
–   Тамақ жей салысымен бірден жатып қалмаңыз.
–   Ұйықтағанда басыңыз асқазаныңыздан жоғары болсын. Ол үшін кереуетіңіздің бас жағын бір нәрсе қойып көте­рі­ңіз немесе екі жастық салып ұйықтаңыз. Шалқайып жатқаннан гөрі қырынан жатып ұйықтау дұрысырақ.
–   Бір кесе сүт, айран немесе бір кесе суда ерітілген азған­тай ас содасын ішіңіз.

Аяқтың ісуі
Жүктілік кезінде аяқтың аздап ісуі қалыпты жағдай. Іштегі нәрестенің өсіп, салмақ қосуынан аяғыңыздағы қан тамырларының біраз ісіп ұлғаюы ықтимал. Бірақ аяқ қан та­мырларының варикоздық ауруынан да ұлғаюы мүмкін. Осындай жағдайда дәрігерге қаралу керек.
Мынаны істеуіңізге болады:
–  Мүмкіндігіңізге қарай жиі-жиі аяғыңызды жоғары көте­ріп жатыңыз.
–    Егер ұзақ уақыт тұруға тура келсе, бір орында қозғалыс­сыз тұрып алмай, әрлі-берлі жүріңіз, ең болмағанда аяқ­та­ры­ңызды қозғалтып тұрыңыз.
–    Жатқанда сол жағыңызбен жатыңыз.
–     Керек болған жағдайда арнайы шұлық таңғыш­ты пайдаланыңыз.

Іш қату
Жүктілік кезінде ас қорыту жүйесі әдеттегіден баяу жұ­мыс істейді. Осы себепті үлкен дәретке отыру қиын­­дауы мүмкін.
Онда мынаны істеуіңізге болады:
–  Күніне ішетін сұйықтығыңыздың жалпы мөлшері 8 стаканнан кем болмасын.
–    Күн сайын едәуір жаяу жүріңіз.
–   Көкөніс пен жаңа піскен және кептірілген жемістерді көбірек жеңіз. Жеміс-жидектерден, әсіресе, қара не сары өрік, алхоры, алма және апельсинді көбірек жеңіз. Ақ наннан гөрі кебек араласқан, толық дәнді және қара нан тиімдірек.
–   Іш өткізетін дәрілерді тек дәрігердің нұсқауымен ғана қабылдаңыз.

Аяқтың құрысуы
Көптеген жүкті әйелдердің кейде аяқтарының сіңірі тартылып, құ­ры­сып қалады. Бұл әсіресе түнде болады. Сіңірдің тар­­ты­луы тамақта кальций мен магнийдің жетіс­пеушілігінен болуы мүмкін.
Сол үшін:
–   Сүт, ірімшік, жасыл жапырақты көкөністер секілді кальцийі мол тағамдарды әрі жасыл жапырақты көкөністер, жаңғақтар, күнбағыс пен асқабақ дәндері
сияқты магнийі мол тағамдарды көп жеңіз.
–  Аяғыңыздың сіңірі тартылып қалғанда, арнайы жаттығуларды жаса­ңыз. (Жүктілік кезіндегі жаттығулар бөлімін қараңыз.)

Қынаптан бөлінетін сұйықтық
Жүктілік кезінде жыныс мүшесінен ақшыл сұйықтық кө­бірек бөлінеді. Бірақ сұйықтық бөлінгенде қышу сезін­се­ңіз немесе оның иісі жағымсыз болса, дәрігерге қара­лыңыз. Се­бебі бұл белгілер емделуді қажет ететін қабынудың (инфекция­ның) басталғанын білдірулері де мүмкін.

Жүктілік кезінде болатын қансырау

Жүктіліктің алғашқы 12 аптасында кейде түсік тастау орын алуы мүмкін. Көбінесе түсік қансыраудан я болмаса қызғылт, ал қызыл не қоңыр түсті қан тамшыларының аздап бө­лі­нуінен басталады. Бұл кезеңдегі қансы­рау­дың бар­лығы бірдей қауіпті емес, қансырау жағдайлары да бәрі бірдей түсікпен аяқтала бермейді. Бірақ, егер қан біліне бастаса, мін­дет­ті түрде дереу дәрігерге кө­ріну керек.
Қан кету жүктіліктің алғашқы 12 аптасынан кейін сирей тү­седі. Жүктіліктің соңғы айларында болатын қансырау нә­рес­тенің өмі­ріне қауіп туғызады. Қан ағу белгілері біліне салысымен дереу дәрігерге қаралу керек.
Мәә Данко,ол жағынан сауаттысыңғо))) +1
Болашақ гинеколог шығар!
жоқ интернеттен қарап көргенім го
Белгісіз
–1 дауыс
Арине,ол калыпты жагдай гой.
0 дауыс
Етекір келіп іш кату жүрек айну болсашее
0 дауыс
жүктіліктің алғашқы кезінде жү
...