0 дауыс
1.7k көрілді
Гималай мұздары қатер төндіре бастады деген қаншалықты шындыққа жақын??? Пікірлеріңіз...

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Гималай тауы әлемге апат әкелуі мүмкін
 АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат. Ғалами күннің жылынуы мен оның салдарының қатері туралы ғалымдар айтудан жалықпауда. Олардың пайымдауынша, ғалами жылыну салдарынан мұхиттардағы су деңгейі көтеріліп, әлемде жаңа топан су тасқыны болуы мүмкін. Бұл аз болғандай, ғалымдар жақында тағы бір қорқынышты жаңалықты жария етті. Бұл жолы олар Солтүстік және Оңтүстік полюстердегі мұздықтардың еруі туралы емес, таулардағы мұздықтарының еруі туралы айтып отыр. Олардың болжамына сүйенсек, жақын арада Гималай тауының мұздықтары Азия елдеріне үлкен қатер әкеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап. Зерттеушілердің айтуынша, тау мұздықтарының еруі салдарынан болатын су тасқындары жол-жөнекей барлық елді-мекенді шайып кетеді. Ғалымдардың болжамынша, бұл қатердің көлемі нағыз цунамимен тең. Айта кету керек, мұздықтың көлемі жөнінен Гималай тауы Арктика мен Антаркидадан кейінгі орында. Барлық тау мұздықтарында әлемдегі тұщы су қорының 70 пайызы шоғырланған және олардың басым көпшілігі Гималайдың үлесінде. Бұл апат бірінші болып Қытай, Үндістан және жалпы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне төнеді. Осы елдерде соңғы уақытта орын алып отырған кейбір табиғат құбылыстарын ғалымдар алдағы су тасқынының алғашқы белгілері деп таниды. Атап айтқанда, Қытайдың оңтүстігі мен шығысында өткен айларда орын алған су тасқыны салдарынан 700-дей адам опат болғанын бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған болатын. Ғалымдардың айтуынша, осы оқиғалар алдағы апаттың «алғашқы белгілері».
+4 дауыс
Біздің ел үшін емес әлем үшін бас қаттыруға болады бұндай жағдайға оның ерігенін ешкім қаламайды табйғаттың құбылыстарының қалыпты болғаны жақсы еді.
0 дауыс
Жалпы парниктік эффетіден тау мұздықтары еру процесі қарқын жүруде ол алдағы уақытта ауызсу проблемасына алып келетіні анық.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 23.02.2014 Жануарлар сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Ахметова Алтынай 23.12.2015 Табиғат сұрақ қойды
–1 дауыс
8 жауап
...