Қарамен белгіледім!!!
Тікұшақ (орыс. Вертолет) — ауадан ауыр ұшу аппараты. Оның көтерілгіш күші мен алға жылжу қозғалысы бір немесе бірнеше көтергіш қалақтармен атқарылады (кейде ол үшін кішкене қанаттарды пайдаланады). Тікұшақ тік ұшып қона алады, әр түрлі бағытта ұшады, сондай-ақ бір жерде әуеде тоқтап қалықтап тұра алады. Тікұшақтардың рульдік (артқы) қалағы бар бір қалақты, бір білікте екі көтергіш қалағы бар қос қалақты, ұзына бой және көлденеңінен орналаскан көтергіш қалақтары бар қос қалақты түрлері болады. Тікұшақтың жылдамдығы 350 км/сағ. дейін (500-600 км/сағқа дейін ұлғайтуға болады). Жүк көтергіштіп 40 тоннаға дейін. Әскери тікұшақтар қолдану мақсаттарына байланысты ұрыстық тікұшақтарға (әскерді атыспен қолдаушы, сүңгуір қайыққа қарсы, танкіге қарсы, көліктік-десанттық), әскери жабдықтаушы тікұшақтарға (барлаушы байланыстық, артиллерия атысын дәлдеуші, мина қоюшы, жанармай құюшы және баскалар) көмекшілікке арналған тікұшақтарға (тікұшақ-крандар, санитариялық, оқулық, оқу-жаттығулык және басқалар) бөлінеді. Атыспен қолдаушы тікұшақ қарсыластың ашық орналаскан адам күшін, әскери техникасын және атыс құралдарын әуеден жоюға арналады. Қаружарағы: пулеметтер, гранататқыштар, басқарылатын және басқарылмайтын ракеталар, бомбалар, жандырғыш бактар және т.б. Жартылай сауыттандырылады. Сүңгуір қайыққа қарсы қолданылатын тікұшақ қарсыластың сүңгуір қайыктарын іздеуге және оны жоюға арналған. Сүңгуір кайықты іздеп табу (суға түсірілетін және тіркелетін гидроакустикалық станциялар, радиогидроакустикалык буйлар, РЛС және баскалар) және жою (сүңгуір кайыкка қарсы өзі бағытталатын торпедалар, ракеталар және терендік бомбалар және басқа) құралдарымен жабдықталады. Танкіге қарсы қолданылатын тікұшақ қарсыластың танкілері мен баска сауытты объектілерін жояды. Танкіге қарсы тікұшақ басқарылмалы ракеталармен, сонымен қатар баскарылмайтын ракеталармен, пулеметтермен, бомбалармен және басқалармен жабдықталуы мүмкін. Нысаналарды іздеп-табу және басқарылмалы бағыттау ракеталарымен жабдықталады; жартылай сауытталады. Көліктік десанттық тікұшақ ұрыс қимылдарынын аудандарына әскери техниканы, әскер бөлімшелерін және жүктерді жеткізуге, десант түсіруге, жаралыларды тасымалдауға және басқа максаттарға арналған. Фюзеляждің ішінде 5-7 тоннаға дейін, ал сыртына іліп 10-12 тоннаға дейін жүк таси алады. Қару-жарағы: пулеметтер, гранататқыштар, басқарылмайтын ракеталар. [1]