Көлiк жургiзiп мына ережелердi сақтамағандарға қанша теңге айыппұл салады?

+1 дауыс
1.4k қаралым
Көлiк жүргiзiп келе жатқанда:1) ұялы телефон пайдалансаң 2) қауiпсiздiк ременiн тағуды ұмытсаң3) жылдамдықты арттырып жiберсең?
Автосақтандыру
Ренжіме бірақ жөнде:
ременін - белдігін

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы-5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады

2.- Қауіпсіздік белдігін байқаусызда тақпай қалсаңыз, оның ең төменгі айыппұлы 5800 теңге. Ал жол инспекторына 3000-4000 теңге берсеңіз ол сізді жібере салады. Бұл бюджетті толтыру емес, қатардағы жол полициясы қызметкерлерінің қалтасын томпайту. Айыппұлды ешқашан жоғарылатпау керек.

3.Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi-5 тен15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады(мысалы 40 км/сағ жылдамдықпен жүретін жолды 60 км/сағ жыл. жүрсе 10 АЕК,80 км/сағ жыл. жүрсе 15 АЕК деген сияқты)

1 АЕК -1731 теңге
127,680 сұрақ
322,229 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы