+1 дауыс
547 көрілді
Банктерде несие рәсімдеу кезінде саусақ таңбасын алу енгізіледі деген рас па? Кейбір банктердің тұтынушылар арасында қолданыла бастапты дегенді естідім. Бұл қаншалықты заңды? Саусақ таңбасын тек құқық қорғау органдары ғана алмаушы ма еді?

1 жауап

+1 дауыс
Несиені рәсімдеу мен клиенттер туралы ақпаратты қалыптастыруда әрбір банктің өз ұстанымы бар. Саусақ таңбасы адамның физиологиялық және биологиялық ерекшелігін білдіреді, сол арқылы оның жеке тұлғасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы  биометрикалық жеке мәліметтер туралы заңда айшықталған. Алайда заң бойынша сіздің келісімсіз биометрикалық мәліметтеріңізді (саусақ таңбасы, көз қарашығының суреті, даусыңыз) беруге ешкім мәжбүрлей алмайды. Банк сіздің биометериалық мәліметтерді тек сіздің келісіміңізбен ғана және тек банктік қызмет көрсетуге ғана қолдана алады. Егер сіз биометрикалық мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайда заңға сәйкес және банктік қызмет көрсетудің ережелеріне сәйкес қажетті мәліметтерді жеке қолыңыз сынды басқа жолдармен мақұлдата алады. Банктерде жеке биометрикалық мәліметтерді алуға арналған жабдықтар сертификатталған болуы тиіс. Және барлық үрдістер банкте анық жазылған болуы тиіс. Сіз туралы мәліметтер  қатаң сақталуы тиіс. Технологияның дамуы клиенттерге қызмет көрсетуді тұрықты түрде жетілдіруді және кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. Инновациялар сізге уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.  Сіздің саусақ таңбаңыз бен даусыңыз электронды қолтаңбаны алмастыра алады. Жалпы компаниялар тұтынушылар құжаттарды аз толтырып, ұзақ күтпегенін қалайды. Жаңа технологиялар осы мүмкіндікті беріп отыр. Менің білуімше, Kaspi bank тұтынушыларға құжат толтыру жеңіл болуы үшін биометрияны қолдануды ойластырған. Алайда бұдан бас тартты. Негізгі себеп клинеттердің артық қадамға баруы мен технологияның тұрақсыздығы. Бұның орнына қызмет сапасын арттыруды басты мақсат етіп қойған. Мысалы: Қазақстанның ірі қалаларына 5 мың терминал орнату. Бұл терминалдар арқылы комиссиясыз төлем жасауға болады. Бұл да клиенттердің басы артық қадамдарға уақыт құртпауы үшін жасалып отыр.

Ұқсас сұрақтар

...