0 дауыс
9.1k көрілді
Күн өту және оның зардаптары, емі, алдын алу?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Күн өту – күннің астында ұзақ уақыт болған кезде және күн сәулесінің басқа тура әсер етуі кезінде қыздырыну. Күн өтудің белгілері:
• Дене температурасының жоғарлауы.
• Терінің қызаруы.
• Тер шығуының ұлғаюы.
• Тамыр соғуы және дем алысы жиілеуі.
• Бас ауруы, әлсіздік.
• Құлақ шулау.
• Жүрек айну, құсық.
• Жылудың ұзақ уақыт әсер етуі кезінде температура 40 С-тан асуы, естен тану, тырысу болуы мүмкін.
• Жиі терінің I және II деңгейлі күйігі болады.
Күн сәулесі түскен кезде көмек:
• Зиян шеккенді басын сәл көтеріп көлеңке немесе салқын жерге жатқызу қажет.
• Зиян шеккеннен киімін шешіп, ылғалды жаймаға немесе орамалға орап жатқызу керек.
• Зиян шеккеннің басына мұз немесе сал-
қын су немесе салқын компресс салу қажет.
• Қызған кезде ең алдымен басты суыт-қан маңызды, өйткені бұл жағдайда орталық жүйке жүйесі зардап шегеді.
• Зиян шеккенді суық суға түсіруге болмайды, өйткені жүректің рефлекторлық тоқтауы мүмкін.
• Температураның үлкен айырмашылығынан қашып, салқындатуды баппен жасау қажет.
• Есті сақтау кезінде көп мөлшерде суық су беріңіз (су, шай, кофе, шырын).
• Күйген кезде зақымданған жерді вазелинмен жағу қажет, көпіршікті ашпаңыз, құрғақ стерильденген таңбаны салыңыз және емдеу мекемесіне барыңыз.
Алдын алу:
• Ыстық күндері терінің шығуына кедергі жасамайтын жеңіл киім-кешек кию қажет.
• Басты жеңіл, ашық түсті бас киіммен немесе қолшатырмен қорғау қажет. Ыстық ауа райында бас киімді сулау керек.
• Көзді қара көзілдірікпен қорғау ұсыналады.
• Ыстық ауа райында жиі салқын (суық емес) суды ішу қажет. Шөлді тұздатылған су немесе лимонмен су, жасыл шай, шырын арқылы басу қажет.
• Шөлді қандыру үшін кофе, сыра ішуге тыйым салынады.
• Көлденең жатып күн сәулесінің ваннасын қабылдаған кезде бас сәл көтеріліп тұру тиіс, ал бет қалпақпен немесе орамалмен жабық тұруы тиіс.
• Ашық аспанда футбол, волейбол және басқа да қозғалмалы ойындарды ойнауға болмайды. Белсенді қозғалыс кезінде күн өту қаупі ұлғаяды.
• Күн астында ұзақ уақыт жұмыс істеуге немесе болуға болмайды.
Күн түсу
Күн түсу- сыртқы жылу факторларының әсерінен ағзаны жалпы жылдам қызуымен шартталған патологиялық жағдай.
Себептері – қоршаған ортадан артық жылудың түсінен туындаған термореттеушіні бұзу. Ағзаның қызуы жылу беруді қиындату жағдайына әсер етеді:
• Жоғары ылғалдық және ауаның қозғалмауы.
• Дене қозғалысы.
• Көп тамақтану.
• Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында синтетикалық, тері немесе резеңкеленген матадан киім-кешекті ұзақ кию.
• Аз мөлшерде ішке сұйықтық ішу.
Жүрек-тамыр ауруларымен, семіз, эндокриндік бұзушылықтармен, тамыр-вегетативті дистониялармен ауыратын тұлғалар қыздыруға жиі және тез шалдығады.
Күн түсудің белгілері:
• Дене температурасының жоғарлауы.
• Терінің қызаруы.
• Тер шығуының асқынуы.
• Тамыр соғуы мен тыныс алуының жиілеуі.
• Бас ауруы, бас айналуы, әлсіздік, қалжырау.
• Жүрген кезде шайқалу.
• Ұйқы келу, есінеу.
• Құлақ шулау.
• Жүрек айну, құсық.
• Жылудың ұзақ әсер етуі кезінде температура 40 С-тан асуы, естен тану, тырысу болуы мүмкін.
• Демалыс жиіленген, үстіртін.
• Кейде мұрыннан қан ағады.
• Ауыр жағдайда естен тану.
Күн түскен кездегі көмек
• Зиян шеккенді бірден көлеңке жерге немесе салқын жерге апару қажет.
• Зиян шеккеннің киімін шешіп, зиян шеккенді арқасына жатқызып, басын көтеру қажет (домаланған киімнен бастың астына валик салу қажет), денесін салқын сумен сүртіп немесе ылғалды жайма немесе орамалға орау қажет.
• Зиян шеккеннің басына мұз немесе сал-
қын су немесе салқын компресс салу қажет.
• Қызған кезде ең алдымен басты суыт-қан маңызды, өйткені бұл жағдайда орталық жүйке жүйесі зардап шегеді.
• Зиян шеккенді суық суға түсіруге болмайды, өйткені жүректің рефлекторлық тоқтауы мүмкін.
• Температураның үлкен айырмашылығынан қашып, салқындатуды баппен жасау қажет.
• Есті сақтау кезінде көп мөлшерде суық су беріңіз (су, шай, кофе, шырын).
• Есі таңған кезде мұсатыр спиртін қолдану қажет.
• Тыныс алу бүлінген және жүрек қызметі әлсіздеген кезде жасанды дем беруді жүрекке тура емес массаж жасау арқылы қажетті медикаментозды емдеу жүргізу қажет.
0 дауыс
Күн өту көбінесе, ыстық қапырық ауадан және күн көзінде көп жүруден болады. Әсіресе ыстыққа төзімсіз немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын (құрылыс алаңдарында жұмыс істейтін) адамдарға күн жиі өтеді. Сондай-ақ күн сәулесімен нашар шағылысатын қара-қоңыр түсті киім немесе ауа өткізбейтін және тердің булануына бөгет жасайтын киім де организмге ыстық өтуіне себепші болады. Жабық бөлмеде де жоғары температурада және ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда да (ыстық цехтарда жұмыс істегенде) ыстық ұруы мүмкін. Күн өту және ыстық өтудің белгілері [өңдеу] Сырқаттың жеңіл дәрежелі түрінде: әлсіздік; бас ауыру; жүрек айну; дем алу мен тамыр соғуының жиілеуі; дененің терлеуі. Сырқаттың орташа дәрежелі түрінде: еңсенің түсуі; бастың қатты ауыруы; лоқсу және құсу; құлақтың бітуі; қорғаншақты қозғалыс; дем алу мен тамыр соғуының жиілеуі; кей кездері - талып қалу. Сырқаттың ауыр дәрежелі түрінде: естен тану; дененің қалшылдауы; ой-сананың бұзылуы; сандырақтау; елестеушілік; үстіртін дем алу және жиілеуі; тамырдың соғуы - 1 минутта 120-140 рет: дене қызуының көтерілуі (41-42°); зәрдің мөлшерінің азаюы. Күн өту және ыстық өту салдарынан қояншық аурудың ұстауы, бас сүйек ішіндегі қан қысымының жоғарлауы, психикалық және т.б. өзгерістердің болуы байқалады[2]. Алғашқы жәрдем [өңдеу] Күн өту және ыстық өту белгілері білінгенде дереу дәрігер шақырып немесе ауырған адамды жақын маңдағы емханаға жеткізген жөн. Дәрігер келгенше науқасты көлеңкеге немесе салқын бөлмеге жатқызып, үстіңдегі тар киімін шешу керек. Басына, шүйедесіне, қолтығына мұз салынған немесе салқын су құйылған грелка қойған жөн. Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады; сусынды - тұзды салқын суды, салқын шайды, кофені көбірек ішкен дұрыс. Ыстық ұрған адамның тыныс алуын күшейту үшін салқын суға малынған сүлгімен немесе орамалмен жағынан шапалақтап ұрады, мүсәтір спиртін искетеді, оттегін жұтқызады, денесін ысқылайды. Дәрігер келгенге дейін бір шай қасық кордиамин, 10 проценттік кофеин ерітіндісінің екі ампуласын ішкізуге болады. Егер тыныс алуы қиындай түссе, қолдан дем алдыру керек. Толық мақаласы: Алғашқы жәрдем. Сырқаттың жеңіл және орташа дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілсе науқас адам тез қалыпты жағдайына келеді. Ал ауыр дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілмесе адам өмірін сақтап қалу мүмкін болмайды. Алдын алу [өңдеу] Күн өту және ыстық өтудің алдын алу үшін ауа райының ыстық кезінде жеңіл, қимыл-қозғалысқа бөгет жасамайтын ашық түсті киім кию қажет; басқа бас киім (ши қалпақ, панама, жалбағай, күнқағар) кию немесе ашық түсті орамал тарту керек. Шақырайған күн көзіне шығарда, ұзақ жол жүрер алдында тамақты тоя жемеу керек, күн көзінде ұйықтауға болмайды. Жағажайда дем алғанда кезде сақ болған дұрыс, ұзақ уақыт бойы күн көзінде жүруге және қапырық бөлмеде отыруға болмайды.

Ұқсас сұрақтар

...