Заңгер мамандығы – ең тартымды мамандық Халықтың көңілінен орын табатын, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар, олар әр қоғамда, қандай жағдай, режим болмасын сұранысқа ие болады. Сол мамандықтардың ішінде заңгер мамандығы да бар. Бұл мамандық иелері әр ұйымда, фирмада, кәсіпорында, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет. М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Гуманитарлық Институт осы сұранысты, білікті заңгерлер даярлай отырып, қамтамасыз етеді. Біздің түлектер бүгінгі таңда сотта, прокуратурада, адвокатурада, тергеуде, нотариатта, заң кеңесін беру аясында қызмет етуде. Институтымыздың білім беру үрдісінің мақсаты - студенттерге дұрыс бизнес құруды, құқықтық өзекті мәселелерде шешім табуды, мемлекеттік және әкімшілік заңи сұрақтарды реттеуді, даулы және бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қорғап, қалпына келтіруді және заңи көмек қажет тұлғаларға жәрдем беруді үйрету. Бұл мақсатқа жетудің кепілі – 16 жыл бойы қалыптасқан, жоғарғы білікті профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілетін сапалы білім. Біздің оқытушылар – жоғарғы ғылыми дәрежесі бар Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің құқығы бойынша білікті мамандар, өз істерінің майталмандары, мемлекеттік органдар мен бизнес саласында еңбек сіңірген тұлғалар. Заңгер мамандығының тартымдылығы неде? Әрине, көп адамдар заңгер болуға құштарлығы бекер емес. Заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер, әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушіге өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді. Тергеуші, судья болып жұмыс істейтін заңгер қылмыскерге әділ жазаны қамтамасыз етсе, прокурор болып қызмет атқаратын заңгер заң бұзған шенеунікті жауаптылыққа тартады. Заңгер жұмысы – құқық үшін күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани ләззәт силайды. Заңгер мамандығының тартымдылығының бір қыры - алынған білімді мемлекеттік басқарудың әр аясында, ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болатындығы. Жоғары білікті заңгер – кәсіби қызметте әрдайым қажет қызметкер және жәрдемші. Заңгер мамандығының тартымдылығы зор және шынайы білікті заңгерлер жоғары интеллектуалдылық, ұйымдастырушылық қабілетке ие болады. Заңгер мамандығы адамның ой өрісін дамытуға және өзін, жанұясын жоғары материалды қамтуға мүмкіндік береді. Заңгердің кәсіби мүмкіндіктері Бүгінгі таңдағы нақты еңбек нарығындағы жағдай бойынша заңгер жұмыс істей алатын қоғам аялары анықталған. Қазақстанда заңгер қызмет жасай алатын жұмыс орындарына жататын тізімге назар аударсақ, оларға прокурор қызметі, прокурордың көмекшісі, тергеушілер, судья, адвокаттар, юристконсульттар, нотариустар, ішкі істер органдарының жедел іздестірушілері, салық полицейлері, кеден органдарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, HR менеджерлері, меншіктің барлық нысанында құрылған кәсіпорындардың басшылары жатады. Заңгерлердің кәсіби мүмкіндіктері арнайы құрылымдарға таралады, яғни, олар: сот, құқық қорғау органдары, сонымен қатар, басқарушылық және шаруашылық секторлар. Тәжірибеде көбінесе, заңгерлер өз мамандығы бойынша банктерде, саудада, сақтандыруда, заңды тұлғалардың басшылығында жұмыс істейді. Жаңа жұмыстар жеке кәсіпкерлердің, тұтынушылардың, авторлардың құқықтарын қорғауда, заңсыз бәсекелестіктің алдын алуда, құрылыс пен риелторлық қызметте пайда болады. Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында білікті мамандардың етіспеуі орын алуда. Қылмыстылықтың өсуі әсерінен тергеу аппаратын, соттар санын, прокурорлардың санын ұлғайту мәселесі туындауда. Ал өндіріс аясында, жұмысберушіге тиімді қызмет атқаратын заңгерлер қажет. Заңгерлердің болашақ қол жетістіктері Қазіргі күнде, заңгерлер салық органдарына, ішікі істер органдарына, әкімдіктерге, прокуратура органдарына, сотта қажет болса, комерциялық ұйымдарда шет тілін, компьютерді жетік меңгерген, экономикалық құбылыстардан хабары бар мамандар керек. Шет тілін және мемлекеттік тілдерді жетік меңгеру студенттерге шетелдік ұйымдарда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заңгер мамандығын таңдаған адамға келесіде қаражаттық мүмкіндіктер ашылады: Біріншісі: Мемлекеттік органдардағы еңбек ақысы мен әлеуметтік кепілдіктер. Құқық қорғау органдарында еңбек ақысын төлеу қалыпты және мемлекетімізде жыл сайын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалақысы көтерілуде, жоғары зейнетақы алу мүмкіндігі де бар. Екіншісі: Еркін қызмет істейтін заңгерлердің (адвокаттар, нотариустар, кеңесшілер) жалақысы. Аталған тұлғалардың жалақысы өздерінің біліктілігіне, әрекетіне байланысты. Үшіншісі: Коммерциялық фирмада жұмыс жасайтын заңгерлердің жалақысы. Әділеттілікке және жарқын болашаққа жол көрсету – біздің іс! М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Институты 050301 - Құқықтану мамандығы бойынша білім береді. Институтымыздың профессорлы-педагогикалық құрамының мақсатына құқық қорғау органдарында, заң фирмаларында, құқық қорғау ұйымдарында, шаруашылық құрымылдардың заңи бөлімшелерінде жұмыс істейтін жоғарғы білікті мамандар даярлау кіреді. Бұл мақсаттың маңызы, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру, нарықтық тұрақты экономика орнату, құқықтық нигилизм мен құқықтық білімсіздікті жою сияқты мемлекеттік үлкен идеологияларды жүзеге асыру қажеттілігімен артады. Аталған саланың мамандары азаматтық-құқықтық, отбасылық, еңбектік және басқа да қатынастардағы өзекті мәселелерді ешуді үйренеді. Сонымен қатар, Институттымызда шет тілін оқытуға үлкен назар аударылады, соның есебінен біздің түлектер шет елдік компанияларда мемлекетімізде және шет елдерде жұмыс істей алады. Сапалы білім берудің кепілі - институт оқытушыларының біліктілігінде. «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаттары, магистрлер және білікті заңгерлер, құқық қорғау органдары саласында жұмыс атқарған тәжірибелі мамандар сабақ беріп қызмет етеді. «Заң пәндері» кафедрасының оқытушылары жоғары кәсіби қабілеттілігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар біздің оқытушылар студенттерге адамгершілік, ізгілік, мейірім тұрғысынан қарым-қатынас жасайды. Бесіктен бастап білім ал... Құқықтану мамандығы бойынша Институтымызда оқып жүрген студенттеріміз, күнделікті барлық заң пәндері бойынша дәріс тыңдап, өз ойларын білдіріп, саяси пікір қалыптастырып, кітапхана мен Интернет жүйесінен мағлұмат алып, білім алуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің бікіткен стандарттарына сай Институтта білім беру кредиттік технология бойынша жүргізіледі. Әлем бойынша қолданылатын бұл жүйе студентті тұлға ретінде ашуға бағытталған. Болашақ заңгерлікті үйренуші студенттеріміз ең маңызды пәндер «Қылмыстық құқық», «Азаматтық құқық», «Азаматтық іс жүргізу», «Қылмыстық іс жүргізу», «Қриминалистика» және т.б. заң пәндері бойынша дәріс сабақтарын, тәжірибе сабақтарын, семинар сабақтарын өтеді және іс жүзінде алынған білімдерін іс жүзінде сынай алады. Сонымен қатар, студентке өз қалауы ойынша құштары ашылған пәнді таңдап оқуға мүмкіндік беріледі. Институтымыздың мемлекеттік органдармен, құқық қорғау қорғау органдарымен түзген шартына сәйкес студенттеріміз соттарда, прокуратурада, әділет органдарында, ішкі істер органдарында, сот үкімін орындау органдарында тәжірибе өте алады. Студенттеріміздің сабақтан тыс уақыты Болашақ заңгер мамандығын үміттенуші студенттеріміз сабақтар мен дәрістерден тыс уақытты бос өткізбейді. Заман талабына сай, уақытты алтын қазынаға теңейтін жастар сабақтан тыс уақытта кітапханаға барып, білім алып, спортпен айналысып, дебаттық клубқа қатысып өз өнерлерін шыңдайды. Мәселен, құқықтану студенттері «Заңгер» үйірмесіне қатысып, дебаттық сайыс ұйымдастырады, мемлекетімізде орын алған өзекті мәселелерді шешуге ат салысып, тұлға тұрғысынан өз ойларын қалыптастырып, пікірлерін білдіреді. Сонымен қатар, Институт қабырғасында жыл сайын күзгі бал, жаңа жыл кештері, Наурыз мейрамына қарсы концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Мәселен, үстіміздегі оқу жылында студенттер өз бетін