+1 дауыс
1.4k көрілді
Жер бетiнде шипалык касиетi бар турлi осiмдiктер бар. Кандай дарiлiк осiмдiктердi бiлесiздер? Кандай емдiк касиетi барын касына жазып кетiп отырын,ыздар.

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Көркем,әжеңіз кәрі адам болғандықтан,бірінші бүйрегін  қуығын УЗИ ге түсіріп, тас, құм жоқ болса ғана ісікті қайтаратын шөптерді ішуге болады.Егер тас, құмдар болған жағдайда осыларды ертітетін шөптерден жасаған дәрілердің түрі өте көп.Сосын тағы айтарым,ісікті қайтару үшін зәр айдағыш шөптерді пайдалансаңыз,әжеңіз дәретханаға өте көп жүгіретін болады, және зәрмен бірге калий мен магний,кальциисияқты микро- макроэлементтер организмнен шығып кетіп,осылардың жетіспеушілігінен жүректің қызметі нашарлап кетуі мүмкін. Қанның да электролиттік қасиеті өзгеріп ,қан қысымы кенеттен түсіп кетуі мүмкін.Қанның құрамындағы эритроциттер (гемолиз) ыдырап кетуі де мүмкін.Егер дәрігер рұқсат етсе әжеңізге ПРОЛИТ( деген дәрі емес, белсенді қоспа!) бірнеше шөптердің жиынтығынан жасалған препаратты қолдануға болады.Пилюля түрінде жасалғандықтан үлкен кісіге ішуге де ыңғайлы. Бірақ, бірінші әжейді дәрігерге тексертіп,диагнозы анық қойылған болсын.
Улкен рахмет сiзге!
+1 дауыс
мия,жалбыз,адыраспан бізде өсетіні
+1 дауыс
Көркем ,сен қызықсың! Мен  өте көп дәрілік шөптерді білемін.Бірақ оның бәрін қандай жағдайларға пайдаланатынын мына жерге жаза берсе екі ,үш том кітап болады.
типі ботаника болады десей
Белгісіз
Тiптi жаксы емес пе?! Бiлiп жургеннiн, зияны жок. Барiн жазу керек дегенiм жок кой, тек бауыр буйрек,от жолдарына дегем. Сосын бул суракты коюыма себеп бар. Ажемнiн, почкасы ауырады ,бауыры да. Денесi iсiп кететiнi бар. Осыдан 20 жыл алдын бiр курбысы бауыр-буйрекке деп iшесiн деп Ташкеннен бiр шоп дарi акелiп берген екен, солай ауырып жатырмын дегенде. Калай сол шоп дарiнi iштiм , iсiк де жок болды, екi аягымнан тiк турдым дейдi ажем. Бiз сол дарiнi таба алмай журмiз 2-3 жылдан берi, курбысы да омiрден отiп кеттi. Актармаган кiтабым да калмады. Алгi шоп дарiнi тауып ажеме пайдам тисе деп коямын. Ойлагам бiлетiндер  емдiк шоптердi жазса ,мумкiн шыгып калар,мен iздеп корсем деп. Жарайды ,бiлмесен,iздер кажетi жок,
Фитоның бүйрекке арналған шайын алып бер. Ондай кымбат емес бірақ емдік шөптері мол құрамында!
Белгісіз
+3 дауыс
Қымыздықтың адам ағзасына пайдасы ұшан-теңіз. Оны дәстүрлі және халық медицинасында көптеген дертке дауа ретінде қолданған. Емдік қасиеті өте жоғары.

Қымыздықтың құрамында С, В1, К дәрумендері, каротин, эфир май бар; онда көбінесе органикалық қышқыл, сондай-ақ минералды заттар (кальций, магний, темір, фосфор) шоғырланған. Емдеу және аурудың алдын алу үшін өсімдіктің жапырағын да, тамырын да, тұқымын да пайдаланады. Қымыздық авитаминоз, құрқұлақ, анемеяны емдеу үшін қолданылады. Құрамындағы С дәрумені темірдің сіңірілуін тездетіп, гемоглобинді көтереді. Көп мөлшерде қолданғанда ішті айдайды, аз болса керісінше, іш тоқтатады. Қышқылдығы төмен гастритте асқазан сөлін ынталандырып,ас қорытуды жақсартады. Халық медицинасында өтті айдау үшін қымыздық шырынынан біраз беретін болған. Тамыры мен жапырағынан жасалған тұнба қан тоқтату және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады.

Толығырақ http://densaulyk7.ucoz.org/news/emdik_simdikter/1-0-4
Жауапқа рахмет +1
:o менікімен +2
рахмет айсұлтан
Белгісіз
+1 дауыс
Көркем , сол шөп-дәріні таптың ба атын?  Егер тапсаң маған да айтшы,  менің мамамның бауыры ісіп ауырады, біраз жылдан бері. Көмегі тиер,.
Жоқ таба алмадым, өкінішке орай. Анаңызға Алла шипа берсін!  Іздедім мен біраз,  табылмады ғой.
0 дауыс
Әмин, өкінішті-ақ...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
Дауренбеков Руслан Аманшаевич 9.01.2016 Тазалық сұрақ қойды
...