Мадритің фанаты! Осы уақытқа дейін өмірде біреудің көзін ойып алып,басқа адамға салыпты дегенді естімеппін. Жалпы көзге түгелдей трансплантация жасау мүмкін емес, себебі көздің сетчаткасында қан тамыр және жүйке жүйелері өте майда болғандығы соншалық, тіпті микрохирургия саласы да осы мәселені шешуге дәрменсіз . Бірақ көздің кейбір тканьдерін ,көзі көрмейтін адамдарға транстплантация жасауға болады.Онда да көздің сетчаткасы сау болған жағдайда. Және бұған пайдалануға сүйіктісінің көзінен басқа, өлген адамдардың көздері де артығымен жетіп жатыр.Себебі , көздің тканьдерінің трансплантациясына басқа органдар (жүрек, бүйрек, бауыр) сияқты қанның сәйкестігі ,және жас ерекшеліктері қажет емес. Жалпы трансплантология саласында реципиент тірі адам болатын болса, оның денсаулығына титімдей де зиян тимейтін жағдайда ғана жүзеге асырылады. Ондай жағдайларды кейде жаңалықтардан көрсетіп жатады. Жақында Астанада апалы сіңілі екі әйелге бауырға трансплантация жасады. Сіңілісі әпкесіне донор болып бауырының бір бөлшегін берді.Бұдан сіңілісі зардап шекпейді,белгілі бір уақыттан соң оның бауыры өсіп бұрынғы калпына келеді .