+1 дауыс
2.4k көрілді
Кешке 1 қызбен сөйлесейін деп едім, телефон арқылы? Достар калай сойлессем болад, оны суйетинимди айтуым керек. Азил айтып, конилин тауып дегендей.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сізге кеңес беруден аулақпын. Тек, өз басымдағы байқалған факттарды осында жаза кетейін.
Қызбен сәтсіз сөйлескен кездерім, ол менің сөйлесу үшін сөйлескен кездерім немесе мақсатсыз араласуға тырысу кезі, қыздар оны сезіп қояды. Сосын диалог ойдағыдай болмай қалады.
Менің өмірімде өте сұлу, әдемі қыздар да бар. Және олармен кез-келген тақырыпта сөйлесіп, мені сыйлауына (тиісінше мен де оларды сыйлаймын) және маған сенулеріне қарағанда, барлығы адамның өзінен басталуы керек деген ойдамын.
Адам өзіне сенімді, сөзіне адал әрі ақты ақ деп, қараны қара деп тани алса, қолынан келмегенді істей алмаймын деп мойындап, оның орнын толтыруға ұмтылса, ол қандай қызбен болса да жақсы араласатын болады. Қарсы жағдайда, ондай адамдармен араласып керегі де жоқ.
Бұрын әзілқой жігіттерді көріп, солай болсам деп ойлайтынмын. Өкінішке орай мен қылжақбас емес едім. Қуанышыма орай, мәнді де мағыналы, артық сөзсіз сауатты деп таныған әзілдерімді орынды айта білумен қатар, ойнайтын жерде ойнап, іске кірісетін жерде мүмкіндікті жібермей ішкі түйсігіме бағынған кездерім өзіме қатты ұнайды. Және болашақта да жақсы қасиеттерді дамытуға барымды саламын. Ал, қажет адамдар өздері келіп өз орнын табады беген ойдамын.
0 дауыс
Нактырак жазшиш? Ол кызды биринши рет корип, биринши рет тел согып жатсынба? Или кунде корип журген кызынба?
...