Көркем, әжең мен атаң қандай жастағы адамдар?Егер қартайған адамдар болса,ішкен астары дұрыс сіңбегендіктен витаминдер жетіспей жүрген шығар!. Аяқтың ,яғни балтырдың бұлшық еттерінің тартылуы В1, В6, В12 және магний жетіспегенде, болады.Дәрігермен кеңесіп, рұсат етсе осы витаминдерді қабылдаған дұрыс,Кәрілік жасқа жеткен адамдарда асқазан сөлдері ,ұйқы безінің ферменттері аз бөлінеді, сондықтан,ішкен тамақтың сіңімділігі нашарлайды және көптеген ішкі ,секреция бездерінің қызметі бәсеңдеп,гормондар да аз бөлінеді. Сондықтан ,мүмкіндік болса, осы витаминдерді шаншу (укол) арқылы алған дұрыс.Кәрі кіслерге,мүмкіндігінше,жеңіл сіңетін тамақтар дайындап берген дұрыс. Олар негізінен сүт ботқалары,тауық, балық сорпалары.Көкөніс пен жемістерді ұсақ үккіштен өткізіп немесе шырындар дайындап берген дұрыс.