Көркем, мына жерде кейбір ауылбайлар жиналып алып,қаланың қыздарын жаппай ысқыртып тұрып жамандап жатыр ғой. Меніңше, бұл жерде тек сенің жауабың ғана жақсы жауапқа лайық.Қаладағы бұлар айтып отырған бұзылған қыздардың көбі ауылдан келгендер,өзін калай ұстауды білмейді,қасында бұрынғыдай ата анасы жоқ, еркіндікті асыра пайдаланып нәтижесі бұзылып,әке шешесінің үйіне қайтуға бет жоқ болып жүрген.Өзімінң қызыммен оқыған қыздардың біреуінің де бұзылып кеткенін көргенім де жоқ,естігенім де жоқ. Бәрі де жақсы от басынан шыққан, дұрыс тәрбие көрген және көріп жатыр.Ұй шаруасына келетін болсақ, қаланың қызы әлдеқайда пысық,талғамы да жоғары. Менде салыстыратын мүмкіндік болды, және әлі де болады. Ағайын туыстың,таныстарымның ауылдан оқуға түсуге келген қыздары, көбіне менің үйіме тоқтап, ата аналары тапсырып кетеді.Әйтеуір ет асу мен макарон басу,картошка куыру деген тамақтарды ғана пісіру біледі.Істеген істері ұқыпсыздау,шала.Ал оның қасында менің қызым яғни қаланың қызы жасы кіші болсада ,істеген ісі тиянақты,торт пирогтардың түр түрін жасай алады, үсті басы да тап таза,талғаммен жарастырып киінеді.Қаланың қызына қолдарың жетпегендіктен ғой осылай жазып отырғандарың!