ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Осы жарлыққа түсініктемені қара Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – Стратегия¬лық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар өз қызметінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын 1 шілдеге Стратегиялық жоспарды іске асырудың мо¬ниторингі қорытындыларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынып отырсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 1-і. № 922
http://mtc.gov.kz/index.php/kz/strategiya-2020