Ал достар! Калайсындар! Менің жағдайымды сұрар болсаңдар күннен күнге нашарлап жатқандай!?? Себебі мен Қызылорда облысында тұрамын. Басқасын қайдам ең ыстық облыс меніңше осы Қызылорда облысы. Күн өткен сайын күн ысып бара жатыр. Дәл қазір даладағы термометр 41 градус деп тұр. Ауырып ауруханаға түсіп жатқандары қаншама . Кондердің астына жата бергенде болмайды. Жел соғады жақсы жылдамдықпен.Бірақ ол жел де ыстық. Мамырдың түрі мынау шілде не болады деп уайымдаймын. Ауа-райы өте ыстық болғасын да адамның жұмыс істегісі де келмейді екен. Махамбеттей айтқан "Ыстықтықта өті ғой мына Жахардың көп күні". Қысқасы Қызылорда облысының не себепті ыстық екенін түсіндіріп берсеңіздер!