Айранмен шаш жуу басты тез майландырып жіберуі мүмкін. Бірақ, қалыңдатудың бірден бір жолы сол айранмен келеді. Егер жаз бойы ешқайда бармайтын болсаңыз, онда шашыңызды айранмен жуып, қалыңдатып алыңыз. Сондай-ақ, айран шашты қалыңдатып қана қоймай, тез өсіреді, шашқа әр береді. Есесіне шашыңыз айранға мүңкіп жүреді. Дегенімен ол уақытша, тым болмаса аптасына бір рет айранмен маска жасаңыз, қалыңдатып алғаннан соң майсана майын қолдана берсеңіз болады. Айранды пайдалану үшін шашқа түбінен бастап ұшына дейін біркелкі жағып шығыңыз, шашыңызды жинап, полиетиленді пакет жауып, 1-2 сағат шамасында ұстаңыз да шампуньнің аз мөлшерімен жуып тастаңыз.