+1 дауыс
2.8k көрілді
Бауыржан Момышұлының мынаган ұқсас қанатты сөзі бар сонын толыгын кім біледі білсеніздер айтып жіберініздерші? Акшага сатып алган аскер барибир жанын салып согыспайды дегенге уксас, толыгын айтыныздарш?

1 жауап

0 дауыс
Бауыржан Момышұлының артында қалған өсиет, нақыл, қанатты сөздер

Ерлік – тәрбие жемісі.

Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

Солдаттың анасы – Отанның анасы.

Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.

Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды. Соғыстың заңы – өте қатал заң.

Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.

Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.

Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

Символдық сыйлықтарды қара бастың құлқынына құрбан ету – қасиетсіздік.

Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.

Адамның көзқарасы мен түрі – жан дүниесінің рентгені.

Орынды зіркілдеу – сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

Опасызда Отан жоқ.

Отанда опасызға орын жоқ.

Отаның үшін отқа түс – күймейсің.

Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

Тәрбиелі – тәртіптің құлы. Тәртіпті – елдің ұлы.

Белдескеннің белін сындыр, Тірескеннің тізесін бүктір!

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. Әдіссіздік – әлсіздік,

Ептілік те ерлік.

Қарабет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық.

Берік болмай ерік жоқ.

Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, Бойға қуат бітіреді

 Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер...

Өмір үшін өлгенше күрес.

Тәртіпке бас иген құл болмайды, Тәртіпсіз ер болмайды.

Өжеттіліктен не пайда, Ерлігі мен ақылы Көпті батыр етпесе.

Ерлік елеусіз қалмасын.

Жауыңды жапыра біл, Баудай түсіре біл.

Қиын сәтте тізгініңді босатпай, шапшаң да шебер қимылда.

Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.

Ұрыста тәуекел ету де – ерлік.

Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта, солдаттық борышыңа адал бол.

Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.

Адамның көтеріңкі көңіл-күйі – ұрыста ең айбарлы қару. Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің. Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.

Әрбір бұйрықтың орындалуы – бұлжымас шарт.

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту

. Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.

Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады

. Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер.

Кішіпейілділік – адамгершілік көркі.

Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей.

Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық.

Өзін аяған – дұшпанға дос.

Жанын аяған – тәніне жау.

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

Әркім әр жағдайда өледі, ақымақ та, ақылды да өледі. Бірақ, қалай өлу басқаша.

Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.

Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.

Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.

Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемшілігіін аянба – ант ұрады, . Ұшқынсыз от тұтанбас. Қашу – жаудан құтылудың жолы , өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.

Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.

Бұйрық – алғыр басшының ой-арманы.

Әскерсіз–қолбасшы қауқарсыз, басшысыз – әскер әлсіз.

Сын ерді шыңдайды, Қорқақты қинайды.

Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Қорқақ – дөрекі әрі ақымақ.

Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

Атқа мініп жүре алмайтынға жуас та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді – барлық сылтауды жайып салады.

Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады.

Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.

Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.

Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен, әділдіктің ащы уын ішкен артық.

Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық. Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.

Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.

Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.

Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың.

Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.

Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.

Жақсы командир жауынгерін зор етеді, жаман командир офицерін қор етеді.

Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.

Опынғаныңды айтпа, одан кейінгі ойланғаныңды айт.Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз.

Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

Жақсы бастық – жарты бақыт. Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді. Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.

Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Елін сүйген жауынгер ер болады.

Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.

Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Ананың әлдиін білмеген – ұл болмайды, Уставты білмеген – солдат болмайды.

Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.

Қайрат – қамал бұзады.

Қар ерігенмен, Қаратау ерімейді. Ер өледі, ел қалады.

Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ. Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке.

Айдындана шапқаннан ажал да сескенеді.

Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық.

Біздің заманда бейқам кісі ғана түрін жасқа бермейді.

Күрес, бейнет, ой күйігі, ашу-ыза адамдардың бетіне қашан да із түсіреді.

Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады.

Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.

Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.

Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.

Үлкен бастықтың қатаң сөккенінен гөрі де адамды өзінің ары сөгуі күшті. Заттар мен құбылыстарды танитын күш-ақыл деп аталады

. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді. Алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.

Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.

Олжа – елге сауға, атақ – ерге сауға.

Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал – қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік.

Жалпы мықты ерік-жігер – жеңіс серігі. Әлсіз ерік-жігер – жеңіліске ұшыраудың хабаршысы.

Мінезсіздік – ойлаудың айқын еместігі.

Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.

Билік те қауіпті. Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса – онда ақылды басшыға, ал егер ақымаққа берілген болса – онда есерсоққа айналады.

Соғыс – өмір мен өлімнің арасындағы қыл көпір.

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін

. Адал болмай азаматпын демегін.

Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың

. Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың.

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.
...