Ия ондай жазғаным бар. Олай болады да деп отырмын. Алдағы уақытта нақтырақ биылғы жылдың соңына дейін ондай мүмкіншілікке ие болып та қалармыз. Барлығына деп айта алмаймын, бірақ ар арасында модераторларға және редакторларға айлық төлей алатындай жағдайға жетіп қалатын кез жақындап қалды. Сол үшін Алматы қаласына келген себебім де осы болатын. Сайтты дамытып, жарнама арқылы пайда тапқанда белсенді қолданушыларды қолдап отыру мақсатында. Себебі жалғыз өзім сайтты басқарып отыру қыйын.
Мүмкін осы алматы қаласында Сұрақ Жауап сайтының офисін ашып осында, 3-4 адамды жұмысқа алып сайттың ақпаратымен, ақпаратты өңдеймен модерациялық, редакторлық қызметті атқарады Массагеттің ұжымы секілді. және басқа да сайттың белсенділерін үйінде отырып-ақ сайтты модерациялық қызмет істеп, сұрақтарға жауап беріп сайтқа жұмыс істеуге болады. Әзірге алдын жазғанымдай тек ауыз жүзінде, бірақ ол арманымның орындалатын ауылы алыс емес. Биылғы жылы шет жағасы белгілі болып қалады, келесі жылы өте пайдалы жыл болмақ.