+1 дауыс
603 көрілді
Адам өмірі оның есіміне байланысты дейді. Сол рас па?

5 жауап

+1 дауыс
Қайдам Мөлдір!

Атым жайлы ойлаудың өзі қорқынышты! Атымды иемденгендердің барлығы әйтеуір бір әрекетімен тарихта аты қалған.Мысалға менің Жаһар деген атым мен туылардың алдында аты шыққан Джохар Дудаевпен байланыстырып қойылған. Ол Шешенстанның бостандығы үшін күресіп , Радиотелефонның кесірінен орыс әскері қолынан қаза тапқан. Ал кейінгі замандас аттасым Джохар Царнаев бостонды жарды деген күдікті!

Соған қарағанда Адам өмірі мен есімінің арасында бір тылсым байланыс бар! Бірақ бар тағдырымыз бір Аллаға аян ғой!
+1 дауыс
Жауапты мына жерден көріңіз:

https://surak.baribar.kz/283562/
0 дауыс
Я есімі өміріне байланысты болад, бірақ бәріне емес.
Бәріне емес болса онда ол олай емес. Сәйкестік болуы ммүмкін.
Белгісіз
Бәріне емес болса онда ол олай емес. Сәйкестік болуы мүмкін.
Белгісіз
0 дауыс
Қайталанған сұрақ https://surak.baribar.kz/283562/
0 дауыс
Осы ретте пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисін айта кеткен жөн. «Расулулла (с.ғ.с.) мағынасыз және жағымсыз аттарды жақтырмайтын еді. Бірде Хузн деген сахабадан: «Атың кім?», – деп сұрайды. Ол: «Хузн (яғни «қайғы»)», – дегенде Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сенің атың – Сахл (мағынасы «жеңілдік» болсын)», – дейді. Сол кезде сахаба: «Жоқ, әкем қойған атты өзгертпеймін», – депті. Кейін Хузнның баласы: «Әкем қойған атын өзгертпеді. Біз ешқашан қайғыдан құтылмадық», – деген екен». Яғни ат қою ойнап емес, ойланып істейтін үлкен міндет.
«Алдаркөсенің алғашқы қадамы» атты ертегіде де оның неге осылай аталғаны жөнінде былай деп айтылды: «Адам өзінің азан шақырып қойған атына сай өмір сүреді» дейді халық. Солай болса солай да шығар. Алдаркөсенің әкесінің есімі Алдан екен. Ол шынында да өмір-бақи алданып өткенге ұқсайды. Содан да болуы керек алданудан зәрзап болған аңқау азамат тұңғышының атын Алдар қойыпты. Жаратқан Жаппар иеміз соны түсінген ғой. Алдар тәй-тәй басып тілі шыға бастағаннан ешкімге есесін жібермейтін ақылды да алғыр бала болып өсіпті».
...