0 дауыс
67.9k көрілді
Қан мен тер деген кітапты кім оқыды оқығандар болса айтыныздаршы кітап не туралы және қызық па?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен оқыдым. Әбдіжәміл Нұрпеисовтың жазған романы,Арал теңізі жанында тіршілік еткен қазақ халқының революция кезіндегі тұрмыс салты, күн көрісі,сол уақытта болған қырғындар, орыс басқыншылығы, балық өндірірісінің басшысы  Федоровтың балықшыларды өлімге жіберуі, қанауы, бай мен кедей арасындағы тап күресі, әйел теңсіздігі т.с.с. Ең басты кейіпкер орташа шаруадан шыққан  Еламанның образы арқылы .Аралдағы  барлық балықшылардың тағдырын көрсетуден бастап, Шалқардағы жұмысшылардың сол уақыттағы тағдырлары. Тіпті орыстың кедейі мен қазақ кедейінің ұқсас тағдыры, солардың достығы да бар. Әйел теңсіздігі Еламанның әйелі Ақбала  арқылы баяндалады. Ақбала басына түскен уақытша қиыншылыққа төзбей байдың баласы  Тәңірберді  мырзаға тоқал болып, Еламаннан туған бесіктегі баласын тастап, қашып кетуі,және абысын ажындарыдан көрген қорлығы. Ақ патша тақтан құлап,уақытша үкімет тұсындағы ,патша әскерінің қазақ ауылдарына жасаған озбырлықтары, Еламанның осы әскерді шолдада адастыруы сияқты айта берсе көп шым шытырық оқиғалар. Соңғы кезде осы роман жөнінде кейбіреулер коммунистік режимді насихаттап жазған  деген пікірлерді естіп жүрмін., мен бұндай пікірге қарсымын. Бізде коммунистік режимнің болғаны рас,сол үшін әкелеріміз жан пида етіп күрескен және бұл ақиқат. Осы күні кейбір шал шауқандар коммунистік режиммен күрестік деп бөсіп отырады, . Совет үкіметі орнап болған соң ешкім де коммунмистік режиммен күрескен жоқ,Қайта бәрі  коммунистік пария қатарына  өтуге құштар болды. Негізі осы романдағы кейпкерлердің бәрінің прототиптері болған дейді.Шынымды айтсам, біразын ұмытып қалыпппын сұрақ қойғаныңа көп рахмет. Қайтадан оқығым келіп кетті !!!!
Кайдан скачать етуге болады?
0 дауыс
Роман оте кызыкты...окыныз. кедейлердин киын омири жане балыкшы омири туралы деуге де болады....Акбала мен Еламан тагдыры....революция кезиндеги омир ....окыныз.
0 дауыс
Қарапайым жігіт саған айтарым осы "Қан мен Тер" трилогиясын міндетті түрде оқышы. Жақсы деген адамның айтқанымен толықтай қосыламын. Патша үкіметі кезіндегі Арал теіңізі етегіндегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі баяндалады. Кімнің қолында билік бар солардың үстемдігі жүріп жатқан уақыт көрсетіледі. Трилогия ішінде басты рөлде Еламан атты ағамыз сомдалады. Сол ағамыздың көрген қорлығы, басынан өткен қиыншылықтары баяндалады. Және де трилогия ішінен Еламан, Кәлен, Әли сынды ағаларымыздың образдарынан рух аласың. Барлық ерлерді батырлыққа тәрбиелейді десем болады. Қандай қиыншылықтарда да мойымай төтеп беруге дайын және де өз халқы үшін жанын қиюға даяр өр рухты ағаларымыздың ерліктері сомдалады...Қызылдар мен Ақтардың соғысы бандалады. Осы кітапты міндетті түрде осы кітапты оқы дегім келеді...
0 дауыс
осының киносы керек қайдан коруге болады
0 дауыс
Китап оте кызык. Окысаныз окинбейсиз.

Ұқсас сұрақтар

...