+9 дауыс
803 көрілді
Ана деген бір керемет жан  ғой. Сірә, ана сияқты еш адам саған қамқор бола алмас. Менің достарым өте көп. Олардың барлығының да анасы бар. Бірақ, жалғыз мен ғана ана мейірімі не екенін білмей өстім. Мен туған кезде, анам қайтыс болған еді. Солай мен әкем қолында тәрбиеленіп өстім. Әкем өте қатал , мейірімсіз жан еді. Бала кезімнен бері, әкеммен сырласып көрген емеспін.
Менің есімім – Мейірім. Мен осы жылғы мектеп түлегімін. Иә, мен болашақ студентпін. Оны мен мақтанышпен айтамын!
Бүгін соңғы қоңырау. Мектеппен қоштасу күні. менің сыныбымдағы қыздардың барлығы да ақ бантик тағып, әдемі фартук киіп, сәндніп келіпті. Сыныбымдағы ұлдар да таза костюмдерін киіп, ақ көйлектерін киіп келген екен. Тек, менің көйлегім ғана, үтіктелмеген, сарғыш тартқан тәрізді.
«Мектебім» атты әсем ән шырқалды. Кейбір қыздардың көзінде тамшы жастары бар. Сірә, мектеппен қоштасқысы келмейтін шығар.
Соңғы қоңырау соғылды. Оқушылардың тағатсыз күткен соңғы қоңырауы. Менің көз алдыма бір сәтте осы қоңырау шылдырымен бірге мектептегі балалық кезім зуылдап өтті. Мектептегі қызықты күндер, мұғалімдер, сыныптастар,,,енді оларды көруім, көрмеуім бір Алла біледі.
Соңғы қоңырауға барлығының да ата-анасы келген екен. Қоңырау соғылып, шара бітісімен ата-аналардың барлығы да өз балаларына жүгірді. Балаларын құттықтап, беттерінен сүйіп жатыр. Барлық оқушылар да ата-аналарының құшағында. Тек жалғыз мен секілді, аузымды ашқан күйімде, жалғыз тұрып қалыппын. Көзімнен ыстық тамшы жас парлап аға берді. Ойыма жаман ойлар оралып, қиналы кеттім.
«Анашым, қайдасың, неге мені жалғыз тастап кеттің!» деген сөздер аузымнан еріксіз шыға берді. 18 жыл бойы анама деген ыстық сағынышымды, қиналған сәттерімді ешбір жанға білдірмеуші едім. Мен дәл қазір ғана, анамның жоқ екенін, жетім екенімді аңғардым. Шын жүрегіммен жетім екенімді сезіндім.
Соңғы қоңыпауға, өмірдегі ең соңғы мектеппен қоштасу күніне, тіпті әкем де келмеген еді. Менің мектеп түлегі екенімді де әкем білмейтін секілді.
Анашым, мен сізді қатты сағындым. Егер, қазір менің анам қасымда болса, мен өмірдегі ең бақытты адам болар едім. «Ана» деген сөзді айтуға да қорқамын. «Ана» деп айтсам, көзімнен ыстық жас парлап аға береді.
Жақында туған күнім болды. Туған күніммен әкем құттықтамады. Әкем ұмытып кеткен шығар. Мен, әкемді кінәламаймын. Бірақ, туған күнімде ең болмағанда анамның құшағына кіріп, анам бетімнен сүйсе деп армандаймын.
Маған анасыз өте қиын. «Балам, жолдан дұрыстап өт» деген аналардың айтатын сөзін ешкімнен естіп көрмеген едім. Ұйықтап жатқан кезде де, қатты тоңатын кездерім болады. Сол кезде барлық балалардың анасы үстінен жылы көрпе жамылатын болса,  мен сол тоңған күйімде жата беруші едім.
Анамның мені еркелеткенін қатты аңсаймын. Анамды құшақтағым келеді. Анамның маңдайынан сүйгім келеді. Анашым,  мен сізді қаты сағындым!
Мен, «жетім» деген сөздің не екенін енді ғана аңғарған секілдімін. Анамның қайтып оралмасын енді түсіндім. Ойлаған арманым, қиялымның бәрі де бекер екен...енді анашымгың орнын ешбір жан баса алмайтынын анық аңғардым. Мен шынайы жетім екенмін...оны басқа жан түсінуі әсте қиын....

7 жауап

+1 дауыс
Жақсы жазылған бірақ, бұл ойыңызды жазатын арнайы сайттар бар. Сонда жазсаңыз керемет болады.
+2 дауыс
Сізге не айтайын??? Сізге қиын екенін түсінемін. Сізді анаңыз қолдап, сізге дем беріп жүрсін дегім келеді. Сізге айтарым: жалғызсырамаңыз. Сіз ертең бір үйге келін болып түсесіз. Сол кезде сіздің енеңіз сізге анаңыздай мейірімді болсын. Тек қана алға!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+2 дауыс
Шынымды айтайын,мынаны оқып отырып менің де көзімнен жас парлап кетті.Анаңыз жоқ болғанымен,жаныңызда қатал да болса туған әкеңіз бар.Мұның өзі қандай бақыт.
+2 дауыс
Салем,Мейірім.Атын нәзік екен...)

Көзім мөлдіреп кетті ғой...

Не дейік, кейбіреуміз жанымызды жүрген әке-шешеміздің қадірің білмей ренжітіп жүреміз.Кейбіреулер олардың жоғына зар болып жүр.Сізге мықты болуыңызды тілеймін.

Мен де 2013 жылы мектепті бітіріп ,үлкен өмірге қадам бассайын деп жүрмін.Меннің де анам мені құшақтаған жоқ,ол тек ұмытып кетті...) Сіз де солай ойлаңыз, жүрекке жақын қоймаңыз.."Бота " деген грант конкурсын білесіз бе? сізге грантқа жеңідік немесе грант ұтып ала аласыз, Сәттілік тілеймін!
+2 дауыс
Шынымен де оқып отырып көзіме жас алдым...Сізге өте қиын екен. Жалғызсырамаңыз, достарыңыз көп болса тіпті жақсы. Әрине, ешкім анаңыздың орнын баса алмайды, бірақ жаныңызда  қолдап жүретін достарыңыз болғаны жақсы емес пе?!
+2 дауыс
Жақсы жазылған, +1... Мен де оқып отырып жылағым келіп кетті. Қиын жағдай, жалғызсырамауға тырыс! Екеуміздің тағдырымыз ұқсас екен, бірақ жағдай әртүрлі.  Басы қатты болғанмен, аяғы тәтті болсын деп тілеймін!!! Бақытты бол!
+1 дауыс
Оқып отырып... Мектепті енді бітірсен өміріңнің келесі парақтары да енді ашылады, сәтті болуына тілектеспін! Кімге болса да ананың орны бөлек ғой, ал қыз балаға тіптен анасыз қиын, Аса қамқор, мейірімді Алла алдағы уақытта барлығы да жақсы болуына тілектеспін! Бекем бол..
...