Ақ түс
Ақ – қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Әлемнің көптеген елдердінде қалыңдық ақ киім киеді, сондай-ақ кейбір салт-дәстүрлерде ақ түсті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Ақ маргаритка – бұл өз-ара махаббат белгісі.. Ақ дүйсенбі түсі болып келеді.
Ақ түс қуаты
Жалпы ақ түс емес, ол көптеген түстердің жиынтығы. Сондықтан ақ – бұл қуат синтезі. Міне неліктен көптеген елдерде ақ түс пәктіктің, ашықтықтың және шындықтың белгісі.
Ақ түс жолыңызды ашып, кедергілерді жояды.
Ақ түс – бұл кез-келген бағыттағы дамудың жаңа бастама белгісі.
Ақ түсті мына кезде таңдаңыз:
кедергілер мен қауіптерді жойғыңыз келсе
жаңа бастамалар жасасаңыз
рухани жаңарғыңыз келсе
ойыңызды тазартқыңыз келсе
Қара түс
Қара – ең сиқырлы түс. Еркектер және әйелдер маңызды кездесулерге өздерінің ең жақсы қара кастюмдері мен көйлектерін киеді. Ал кейбір жігіттер қара шляпа киіп жүреді. Кейбір дәстүрлерде қара өлім символы болып есептелінеді. Бірақта көптеген халықтарда (мысалы, солтүстік америка үндістерінде) қара -- бұл жақсы түс, себебі ол құнарлы топырақты және жерді еске түсіреді. Қара – сенбі түсі.
Қара энергиясы
Қара – шындығын айтқанда, бұл түс емес. Қара – бұл түстің жоқтығы. Әдетте, адамдар қарама-қарсылықты айтқанда олар ақ пен қара туралы айтады. Егер ақ түс бәрін анық қылса, қара түс керісінше жасырады. Қара -- бұл мағына беретін түс. Қара мүмкіншілік пен деңгейі жайылы айтады, сонымен қатар көздің дем алуына мүмкіндік береді.
Қара түсті мына кезде таңдаңыз:
адамдардың назарынан тыс болу үшін
жұмбақ жандай көріну үшін
тылсыммен танысу үшін
Қызыл түс
Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі саналады. Қалыңдықтар қызыл киім киеді, тіпті есіктері де қызыл болып келеді. Қызыл раушан гүлі махаббаттың белгісі, ал қызыл планета Марс – соғыс құдайы ретінде танымал. Қызыл – бұл сейсенбі түсі.
Қызыл түс қуаты
Қызыл түс жүрекпен байланысты, жүрек жылуы мен жалынды от белгісі. Қызыл – бұл қанның түсі, өмір белгісі. Қызыл – бұл құштарлық пен қалау белгісі.
Қызыл түсті мына кезде таңдаңыз:
қызығушылық тудырғыңыз келсе
арманыңызды іске асырғыңыз келсе
қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе
бойыңыздағы қуатты арттырғыңыз келсе
Ақпарат көзі: http://www.perwoll.kz/kil_kteru/tster_zhaiynda/
Бұл ADMIN-нің жауабы
08 наурыз 2011 жауап берді
Күнделікті өмірде біз аса мән бере
бермейтін «түстердің» адам
психологиясына айтарлықтай
ықпалы бар екендігін бүгінде
дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп
шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз
айналаңыздағыларға сіз туралы көп
мәліметті беріп тұрады. Мәселен,
жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді,
біліміңізді, ерекшеліктеріңізді,
мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске
қарап–ақ байқауға
болады.
Сондықтан да, төменде ұсынылған
түстер психологиясын оқи отырып,
жақындарыңыз туралы мәлімет
алуға немесе айналаңыздағы
адамдардың сізге деген оң пікірін
тудыра отырып, өз стильіңізді,
бедел–бейнеңізді қалыптастыруға
мүмкіндігіңіз бар.
Көк түс – жан тыныштығын,
молшылықты, татулықты білдіреді.
Ол адамдар мен қоғамды
байланыстыратын негізгі дәнекер
іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің,
сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті
ұнататындар өкпелегіш, сары
уайымға салынғыш болып келеді.
Әсіресе, көк түсті молшылықтың
нышаны болғандықтан семіз келген
адамдар ұнатады. Көк түсті
таңдағандар – тыныш ортаны,
мазасыздық пен сотқарлықтан,
келіспеушіліктен алыс болуды
қалайтындар. Олар бір-біріне деген
сенімді қалайды және өзгелердің де
оларға сенуіне әбден болады.
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты,
сабырсыздықты, нұр сәулені
білдіреді. Қуаныштың, күн
шапағатының нышаны. Сары түс
адамды болашаққа бағыттайды,
жаңалыққа талпындырады,
заманауилыққа, дамушылыққа
құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез
келген адам қиындықты тезірек
жеңуге құлшынып, тезірек босап
шығудың амалын іздеп тұрады.
Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары
түске құмар адамға тұрақсыздық
тән.
Қызыл түс адамның энергияға
толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті,
белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол
жеткізу үшін барлық мүмкін болған
талпынысты, бейімділікті,
албырттықты, жеңіске деген жігерді,
құлшынысты білдіреді. Бұл түсті
таңдағандар - кез келген қиындыққа
мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
Жасыл түс – еркіндікке деген
жігерлікті, табандылықты,
мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен»
деп өзіне жоғары баға берушілікті
білдіреді. Бұл түсті таңдағандар –
өзінің құндылығына деген сенімді
жоғарылатқысы келетіндер,
айналасындағы адамдардан
мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін
адмадар. Сондай-ақ, бұл түс
тәкаппарлықтың нышаны.
Күлгін түс - адамның тілегені мен
қиялындағысы ақиқатқа айналады
деген үміттің нышаны. Асыл арман
мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті
таңдағандар тек өзгелерді таң
қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі
келмейді, өзін де таң
қалдырғандығын қалайды. Сондай–
ақ, бұл түсті мектеп оқушылары,
аяғы ауыр әйелдер таңдап жатады.
Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге
қол жеткізуге болатындай болып
көрінеді.
Сұр түс – еркіндіктің нышаны. Бұл
түсті таңдағандар – белгілі бір
жүктелетін міндеттен ада болғысы
келеді. Ештеңеге араласқысы
келмейді, көпшілік ортаны
ұнатпайды. Ортада оның бары,
жоғы байқала бермейді. Адамдар
оларды тез жалықтырғыш, іш
пыстыратын жаратылыс ретінде
қабылдайды.
Қара түс – абсолютті шекара,
өмірдің тоқтайтындығының белгісі.
Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді.
Қара түс – соңы, енді ештеңе
болмайтындықтың нышаны. Десе
де, қара түсті таңдаған адам тағдыр
ағысына қарсы тұра алады.
Ақ түс – таза парақ, онда әлі де
талай тарих жазылады. Пәктік,
тазалық нышаны. Ақ түс әділдікті
білдіреді. Еш бояуы жоқ ақ түс
кіршіксіз сезімді көрсетеді. Пәк
қалыңдықтар ақ көйлекті осы
себеппен де киеді.
Аралас түстер:
Көк-қара –
тыныштық.
Сұр-көк - сабырлық,
немқұрайлылық.
Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын
өзі жасап
алу.
Көк-күлгін – нәзіктікке
талпыныс.
Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс,
айналасын махаббатқа
бөлеу.
Қоңыр-қызыл –
белсенділік.
Көк-жасыл – нақтылық,
ұқыптылық.
Ашық жасыл – жігерлік, бәрін өзіне
бағындыруға талпыныс.
Жасыл-сары – адалдықты
сүю.
Жасыл-қара –
турашылдық.
Сұр-жасыл – сенімсіздік.
...БАЗАР ЖОҚ... 13 шілде 2012 жауап берді
Мына жерде: https://surak.baribar.kz/8019/